Ұшақта Fly Arystan бортсерігіне қол көтерген қазақстандық әртістің кім екені белгілі болды

0
455

Ол сыртқы киімінің үстіңгі жәшіктерде мыжылып қалғанына наразылығын білдірген.


Ұшақта Fly Arystan бортсерігіне қол көтерген қазақстандық әртістің кім екені белгілі болды

ERNUR.KZ. Өткен жылдың желтоқсан айында Fly Arystan бортсерігіне қазақстандық әртістің шабуыл жасағаны туралы ақпарат тараған еді. Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев сол әртістің кім екенін айтты, деп жазады stan.kz.

Полицей мұндай факт 2023 жылдың 18 желтоқсанында Шымкент әуежайында Шымкент - Астана 7308 рейсінде болғанын растады.

"41 жастағы Нұрымбетов атты жолаушы ұшақтан шығарылды. Астана қаласының тұрғыны мас күйінде қоғамдық тәртіпті бұзған. Ол "Целиноград” аудандық мәдениет үйінде жұмыс істейді. Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен 17 қаңтарда азамат Нұрымбетов әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды", - деді Сұлтанбаев.

Сонымен қатар комитет төрағасы Нұрымбетовке 15 АЕК, 55 380 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынғанын жеткізді.

Еске салсақ, бұған дейін қазақстандық әншінің FlyArystan әуе компаниясының бортсерігіне қол көтергенін хабарлаған едік. Ол сыртқы киімінің үстіңгі жәшіктерде мыжылып қалғанына наразылығын білдірген.