Зейнеткерлердің базалық зейнетақысы өседі - Еңбекмин

0
268

Бұдан бөлек, Әлеуметтік кодекс жобасына салымшылардың құқығын кеңейтуге қатысты өзгерістер енгізіледі.


Зейнеткерлердің базалық зейнетақысы өседі - Еңбекмин

ERNUR.KZ. Әлеуметтік кодекс жобасында көзделген зейнетақы жүйесіндегі өзгерістерге сәйкес, алдағы 5 жылда зейнеткерлердің базалық зейнетақысы өседі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов айтты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Еңбек зейнетақысының мөлшерін есептеу үшін пайдаланылатын ең жоғары табыс мөлшері 46 АЕК-тен 55 АЕК-ке дейін немесе орташа жалақының 70%-ына дейін ұлғайтылады. Ал болашақ зейнеткерлер үшін 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс берушілер тарапынан қосымша зейнетақы жарналары енгізіледі», - деді ол.
«Енді азаматтар белгіленген жеткіліктілік шегінен асқан зейнетақы жинақтарын тек емделуге және тұрғын үй сатып алуға жұмсай алады. Салымшыларға зейнетақы жинақтарының 50 пайыздан аспайтын бөлігін активтерді басқару компаниясына беру және мұндай компанияны өздері таңдау құқығы беріледі», - деді Сарбасов.

Бұл ретте, мемлекет зейнетақы жинақтарының сақталуына кепілдікті жинақтың Ұлттық банк басқаратын бөлігіне ғана беретінін атап өткен жөн.

Бесінші новелла – халықты жұмыспен қамтудың жаңа тәсілдері, олар мынадай бағыттар бойынша жүзеге асады.

«Осы мақсатта бұл санаттағы азаматтарды «тәуелсіз жұмыскер» деген атау енгізілді – бұлар табыс әкелетін еңбекпен айналысатын, бірақ тиісті уәкілетті органдарда ресми мемлекеттік тіркеуі жоқ тұлға ұғымы енгізіледі», - деді ол.

Мұндай қызметкерлердің қызметі онлайн-платформалар офертасына қосылу немесе жария шарт жасасу арқылы атқаратын болса, онда бұл жұмыскерлер ресми жұмыспен қамтылды деп танылады. Мысалы, Яндекс онлайн-платформасына қосылған таксистер, Glovo платформасындағы курьерлер осы санаттағы жұмыскерлер қатарына кіргізіледі.

Онлайн-платформалардың операторлары қолданыстағы салық режиміне сәйкес жұмыскерлерге салық төлемдерді және әлеуметтік аударымдарды аударатын болады.

«Бұл ретте тәуелсіз жұмыскерлер жалдамалы жұмыскерлер секілді республикалық бюджеттен, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан және сақтандыру компанияларынан әлеуметтік төлемдерді алуға құқылы болады. Енгізілген оңтайлы режимдер бүгінгі қызметкерлерден қосымша тіркеуді талап етпейді және оларға қосымша қаржылық жүктеменің болмайтынын атап өткен жөн», - деді вице-министр.