Жамбыл облысында егілмеген таңқурай үшін 800 млн теңге субсидия алынған

0
413

Жалған шот-фактуралар субсидияланатын таңқурай түрлерін жеткізуге жазылып келген.


Жамбыл облысында егілмеген таңқурай үшін 800 млн теңге субсидия алынған

ERNUR.KZ. Фермерлердің атынан субсидия алып келген адамдар тобы әшкереленіп, қылмыстық іс тергеліп жатыр, деп жазады ulysmedia.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, ведомствоның Жамбыл облысы бойынша департаменті шаруа қожалықтарының реквизиттері мен құжаттарын пайдалана отырып, тауарды жеткізбей, жұмыстар мен қызметтерді орындамастан шот-фактуралар жазып беріп келген бірқатар тұлғаға қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр.

«Жалған шот-фактуралар субсидияланатын таңқурай түрлерін жеткізуге жазылып келген. Кейін шаруа қожалықтарын ескертпестен олардың атынан субсидия алуға электронды өтінім берілген. Тексерулер нәтижесінде фермерлерде таңқурай егіс алқаптары жоқ болып шықты. Аталған тұлғалар мемлекеттен 800 млн теңгеден астам сомаға субсидия алған. Алаяқтық фактілері бойынша 4 қылмыстық іс тіркелді ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», - делінген ұсынылған хабарламада.

Ескертіліп өткендей, Конституцияның 77-бабына және Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабына сәйкес, сот үкімі заңды күшіне енгенге дейін күдікті кінәсіз болып есептеледі.