Жамбыл облысында екі көпірден қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылды

0
872

Табылған бұл қару-жарақтар Қаңтар оқиғасы кезінде Жамбыл облыстық Полиция департаментінен ұрланған қару болуы мүмкін.


Жамбыл облысында екі көпірден қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылды

Жамбыл облысында екі көпірден қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жамбыл облыстық Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлерімен бірлескен жедел-іздестіру іс-шарасы барысында аталған қару-жарақ Жамбыл ауданының аумағындағы Аса өзенінің Бірлесу ауылына өтетін көпірден табылды.

Сондай-ақ, дәл осы ЖД-158/4 мекемесінің жедел бөлімі қызметкерлері шұғыл ақпараттардың ықпалымен, Жамбыл облыстық ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлерінің қатысуымен жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде Тараз қаласындағы Ауыл-Береке базарына жетпей, Горбатый көпірінің астынан бір газбен атылатын қару және 20 дана 7.62 калибрлі оқ-дәрі табылды.




Табылған бұл қару-жарақтар Қаңтар оқиғасы кезінде Жамбыл облыстық Полиция департаментінен ұрланған қару болуы мүмкін.