Жамбыл облысында тағы да қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылды

0
350

Оқжатарында 8 патроны бар «ПМ» тапаншасы, револьвер, 12-калибрлі «ИЖ» маркалы тегіс ұңғылы мылтық, «LSG-80» жарық-шу гранатасы, 5,45 мм калибрлі патрондары бар металл жәшік (барлығы 2016 дана) тәркіленді.


Жамбыл облысында тағы да қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылды

ERNUR.KZ. Жамбыл облысының Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде облыс орталығы көшелерінің біріндегі гараждың артынан бірнеше қару-жарақты тауып, анықтады, деп жазады baq.kz.

Оқжатарында 8 патроны бар «ПМ» тапаншасы, револьвер, 12-калибрлі «ИЖ» маркалы тегіс ұңғылы мылтық, «LSG-80» жарық-шу гранатасы, 5,45 мм калибрлі патрондары бар металл жәшік (барлығы 2016 дана) тәркіленді. Сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды.

Сондай-ақ, полицейлермен тағы бір қару-жарақ арсеналы табылды. Олардың ішінде 1 дана ТТ пистолеті, 1 дана ойық қару, 1 дана тегіс ұңғылы қару, 1 жарық-шу гранаты, 1 дыбыс -шу гранаты, 12 калибрлі 5 патрон, 9 мм ПМ-нің 36 патроны, 5,45 мм калибрлі 19 патрон, ТТ-нің 7,62 калибрлі 3 патроны, 1 бронжилет.

Жамбыл облысының Полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орналасқан жері туралы хабарлаған немесе оларды полицияға өз еркімен тапсырған адам қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салады. Анонимділікке кепілдік беріледі.