Жаңа жылда қазақстандықтар қанша күн демалады

0
761

7 қаңтарда Қазақстанда православиелік мереке – Рождество тойланады.


Жаңа жылда қазақстандықтар қанша күн демалады

ERNUR.KZ. Жаңа 2023 жыл 31 желтоқсанда сенбіден жексенбіге қараған түні кіреді. Демек аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар бұл күні демалады, деп жазады sputnik.kz.

Жаңа жыл басталғаннан кейін ел азаматтары үш күн – 1, 2 және 3 қаңтарда демалады.
7 қаңтарда Қазақстанда православиелік мереке – Рождество тойланады. Ол сенбіге түседі. Дегенмен Рождествоға мемлекеттік мереке мәртебесі берілмеген, сондықтан ол әдеттегі демалыс күніне сәйкес келсе, заң бойынша демалыс басқа күнге ауыстырылмайды.