Жаңаарқа ауданында үш қойшы жоғалып кетті

0
484

Қойшыларды Жаңаарқа ауданының №6 өрт сөндіру бөлімінің мамандары іздеген.


Жаңаарқа ауданында үш қойшы жоғалып кетті

ERNUR.KZ. 21 желтоқсанда Жаңаарқа ауданының "Бірлік" шаруа қожалығынан 3 адам мал жаюға шығып, хабарсыз кеткен, деп жазады inbusiness.kz.

Сол күні кешкі сағат 20:30-да құтқару қызметіне олардың жоғалып кеткені хабарланды.

22:20 шамасында қыстауға Жаңаарқа ауданының №6 өрт сөндіру бөлімінен мамандар келді. Құрамында 5 адам бар.

Олар келгенге дейін қыстаудағы шаруа қожалығы қызметкерлері күшімен қойшылардың екеуі табылды.

Қызметкерлердің айтуынша, адамдар зардап шеккен жоқ және медициналық көмекке мұқтаж емес.

Тағы бір шопанды іздеу жалғасты.

22 желтоқсан сағат 00:15-те Жаңаарқа ауданы ТЖБ инженері байланысқа шығып, үшінші қойшының Қараш қыстауының жанынан табылғанын хабарлады.

Ол "Бірлік" шаруа қожалығына эвакуацияланды.