Жас аналар "декрет пати" кешін ұйымдастыратын болған

0
1 226

"Декрет патиге" тіпті, жас босанған аналар да келеді екен.


Жас аналар

ERNUR.KZ. Астаналық жас аналар бала күтіміне орай демалысқа шығып қана қоймай, оны атап өтуді сәнге айналдырған көрінеді. Сәбилі аналар мұндай кештерді "декрет пати" деп атайды екен, деп жазады nur.kz.

Мұндай ерекше кеш жайлы Астанадағы ивент-агенттіктердің бірінің өкілі айтып берді. Маманның айтуынша, "декрет патиге" тіпті, жас босанған аналар да келеді екен.

"Өткенде бір қызық жағдай болды. Бізге бала күтіміне орай демалысқа шыққан, құрсағында сәбиі бар жас ана келді. Алғашында жүкті екенін көріп, мерейтой немесе басқа да бір қуанышты оқиғаға байланысты кешке тапсырыс бере ме деп едік. Бірақ олай болып шықпады. Жас келіншек декретке шыққанын атап өтпек болып, біздің көмегімізге жүгінген екен.
Кәдімгідей "Декрет Party" деген жазуы бар тортқа тапсырыс бердік, сосын арнайы суретке түсу қабырғасын да әзірледік. Бір қызығы сондай кешке тапсырыс берген келіншектің құрбыларының да аяғы ауыр екен. Бәрі біркелкі киініп алып, дастарханға тәтті-дәмділерге тапсырыс беріп, керемет кеш өткізді", - дейді маман.

Кеш ұйымдастыру агенттігі өкілінің айтуынша "Декрет Party-ге" таяу да тағы да бір тапсырыс түскен екен.

"Меніңше бұл жаңадан шыққан дәстүр деп ойлаймын. Әрине, егер жолдастары немесе туған-туыстары қарсы болмаса, неге мұндай кеш ұйымдастырмасқа? Жалпы декретте отырған аналар барлық жағынан белсенді келеді. Жүкті әйелдерден бөлек, сәбиін енді босанған аналар да кештерден құр қалмайды.
Мәселен, өткенде құрбысының туған күніне босанғанына небары 10 күн болған жас ана келді. Сәбиін әрине үйіне тастап кеткен. Бірақ келіп, 1-2 сағат отырып, қонақтармен бірге отырғандығының куәсі болдық", - дейді агенттік өкілі.