Желтоқсан оқиғасына қатысушыларға берілетін біржолғы төлем 250 мың теңгеге дейін артты

0
357

Қазір Алматыда 1986 жылы Желтоқсан оқиғасына қатысқан 670 адам тұрады.


Желтоқсан оқиғасына қатысушыларға берілетін біржолғы төлем 250 мың теңгеге дейін артты

ERNUR.KZ. Алматыда Желтоқсан оқиғасына қатысушыларға төленетін біржолғы төлемді 250 мың теңгеге дейін көтеру ұсынылды. Бұл туралы Алматы мәслихатының кезектен тыс сессиясында қала әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев айтты, деп жазады sputnik.kz.

Бастапқыда бұл жоспар жылы қарастырылуы керек болған еді. Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен қаржыны үнемдеу арқылы және Тәуелсіздік күні қарсаңында "желтоқсаншыларға" төлемді биыл ұйымдастыру мүмкіндігі қарастырылды.
Айта кетейік, жыл сайын 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушылар Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай 150 мың теңге көлемінде өтемақы алады. 2023 жылы бұл көмекті 702 адам алады.
Қазір Алматыда 1986 жылы Желтоқсан оқиғасына қатысқан 670 адам тұрады.