Жетісуда оқушыны қағып өлтірген әкім бостандықта жүр

0
634

12 жасар жасөспірім 2 қарашада Hyundai Creta автокөлігінің астына түсіп мерт болды.


Жетісуда оқушыны қағып өлтірген әкім бостандықта жүр

ERNUR.KZ. Қайғылы оқиға 2 қарашада Ескелді ауданы Биғаш ауылындағы тасжолда болды. Оқиға орнында 12 жастағы оқушы Асыл Тұрсынбай мерт болды, деп жазады ulysmedia.kz.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, автокөлік тізгінінде Кербұлақ ауданы Көксу ауылдық округінің әкімі Әлия Бақтиярова отырған. Оқиға орнына келген жол полициясының қызметкерлері жол-көлік оқиғасы туралы хаттама жасаған, алайда шенеунік қамауға алынбаған.

"12 жасар жасөспірім 2 қарашада Hyundai Creta автокөлігінің астына түсіп мерт болды. Көлікті 39 жастағы әйел басқарғаны анықталды. ЖКО фактісі бойынша қажетті сараптамаларды тағайындаумен ҚР ҚК 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Шетелдік көлік арнайы тұраққа қойылды", - деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Ведомство кәмелетке толмаған баланың қатысуымен болған жол-көлік оқиғасын тергеу облыстық анықтау басқармасының өндірісінде екенін айтты. Бала 4 қарашада жерленген.

Айта кетейік, Қазақстанда жол апатынан қаза тапқан балалар саны күрт көбейді. Биылғы тоғыз ай ішінде жол апатынан 210 бала көз жұмған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 16%-ға көп.