Жуырда ғана тағайындалған жаңа министрлер ант берді

0
410

Астанада Үкімет отырысы өтіп жатыр.


Жуырда ғана тағайындалған жаңа министрлер ант берді

ERNUR.KZ. Бүгін Үкімет отырысында жуырда ғана тағайындалған жаңа министрлер ант берді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Отырыстың ашылуы Премьер-министр Әлихан Смайыловтың жаңа министрлерді таныстыруымен басталды.

ҚР Үкімет туралы заңына сәйкес жаңа министрлер, нақты айтқанда, ҚР Әділет министрі Азамат Есқараев, Экология және геология министрі Зүлфия Сүлейменова, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев, Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Үкімет отырысында ант берді.

«Қазақстан Республикасының халқы мен Президенті алдында өз Отаным - Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің іс әрекетімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге ант етемін», - делінген ант мәтінінде.