Жыртқыштың етін жемек болған: ШҚО-да аюды атқан ер адам ұсталды

0
459

Полицейлер Ново-Троицкое ауданында заңсыз аң аулаумен айналысқан Өскемен қаласының 37 жастағы тұрғынын ұстады.


Жыртқыштың етін жемек болған: ШҚО-да аюды атқан ер адам ұсталды

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысында аюды атқан ер адам ұсталды, деп жазады tengrinews.kz.

Полицейлер Ново-Троицкое ауданында заңсыз аң аулаумен айналысқан Өскемен қаласының 37 жастағы тұрғынын ұстады. Күдікті жыртқышты етін тұтыну үшін атып өлтірген. Тәртіп сақшылары оқиға орнынан рұқсат құжаттары бар 12 калибрлі Ataarms және 308 калибрлі Zauermod мылтықтарын, квадроцикл, аюдың ұшасын тәркіледі, кейін олар ветеринариялық зертханаға сақтауға берілді.

"Күдіктіге келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Осы дерек бойынша күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы 1-бөлігі ("Заңсыз аңшылық") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап бойынша үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылады", - делінген ведомство хабарламасында.