​Бұл ЕКІ тәсіл ағзадағы ТОКСИНДІ «жуып» шығарады

0
6 476

Бұл емнен соң ішкі ағзалардан бөлек, теріңіз де тазара бастайды. Беттегі безеу, бөртпе, қара дақ, әжім секілді жайсыздықтан арылып, теріңіз тегістеледі. Жаңарып, жасарғанына көзіңіз жетеді.


​Бұл ЕКІ тәсіл ағзадағы ТОКСИНДІ «жуып» шығарады

фото: mrfilin.com


Бойымызды билеген дерттің 99 пайызы ағзадағы шлактан, уыттан, токсиндерден болады. Сондықтан да кез келген ауруды емдеуден алдын, ағзаны тазалауымыз керек. Асқазан, ішек, бауыр арттық заттардан тазарған кезде, бізге дертті жеңу әлде-қайда жеңіл болады. Ағзаны токсиннен тазалаудың түрлі жолдары бар.

Біз бүгін сіздерге таңғы ас ретінде ішуге болатын, өзі пайдалы әрі емдік қасиеті жоғары әдістерді ұсынамыз. Өзіңізге ұнаған біреуін таңдап, іс жүзінде жүзеге асырып көріңіз. Бір аптада керемет нәтижеге жететініңізге сеніңіз!


1-тәсіл – Ботқа жеу

Ұйқыдан тұра салысымен тісіңізді жумай тұрып, 1 стақан жылы су ішесіз. Су бөлме температурасында, салқын да, тым ыстық та болмау керек. Орындыққа жайғасып отырып алыңыз да стақандағы жылы суды асықпай сіміресіз. Сосын 10-15 минуттан соң мына асты дайындап ішіңіз.

Ол үшін дәріханада, сауда орталықтарында сатылатын зығыр (лен) ұнының жоғарғы сұрпын таңдап аласыз. Оның 1 шай қасығын ыдысқа саласыз. Үстіне пайызы төмен 100 гр. жылы кефир қосып, жақсылап араластырыңыз. Дайын болған ботқаны таңғы ас ретінде жейсіз.

Таңғы астан соң 3 сағат бойы ештеңе ішіп-жеуге болмайды. Тек қана жылы су ішуге рұқсат. Осы уақыт аралығында емдік қасиеті мол ботқа асқазандағы, ішек жолындағы барлық токсинді тазалап, сыртқа шығарады.

Бұл ботқа іш қату, асқазан ауру секілді мазасыздықтан арылтады.

фото: bravo-girl.ru


2-тәсіл – Сусын ішу

Таза судан бөлек, ағзаны мынадай сусын да тазалай алады. Бұл сусынды ішу арқылы ағзадағы улы затты тазалайсыз, артық салмақтан арыласыз, теріңізді жақсартасыз және бірнеше жасқа жасарасыз.


ҚҰЛПЫНАЙ мен НАСЫБАЙГҮЛ

Алдымен 200 гр. құлпынай, 1 бума насыбайгүл (базилик) мен 1,5 литр су дайындап алыңыз.

Құлпынай мен насыбайгүлді арттық заттарынан тазартасыз. Сосын тазалап жуып, ыдысқа салыңыз. Блендердің көмегімен құлпынайды езіп алыңыз. Артынан насыбайгүлді саласыз. Екеуін кеңдеу ыдысқа салып, жақсылап араластырыңыз. Үстіне су құйып, бетін жауып қоясыз. Шамамен 1-2 сағаттан соң дайын болған сусынның 1 стақанын ішесіз. Қалғанын шыны ыдысқа құйып, тоңазытқышқа қоясыз.

фото: zastavki.com


ЛИМОН мен ЖАЛБЫЗ

Бізге керегі 150 гр. қаражидек (черника), 2 тал жалбыз, 1/2 дана лимон мен 1,5 литр су. Қажеттілердің бәрін тазалап жуып, блендермен еземіз. Егер лимонға аллергияңыз болса тіліктеп турайсыз немесе тек шырынын қосасыз.

Езбені шыны ыдысқа құйыңыз. Үстіне таза су құйып, жақсылап араластырасыз. Сосын лимон тіліктерін немесе шырынын араластырып, бетін жауып қою керек. Шамамен 1,5-2 сағаттан соң дайын болған сусынды ішуге болады.


АПЕЛЬСИН мен ҚҰЛПЫНАЙ

2 дана апельсин мен 150 гр. құлпынайды тазалап жуып, блендермен езесіз. Артынан 3-4 тал жалбызды да майдалап алыңыз. Езбені ыдысқа саласыз. Үстіне 2 литр су құйып, жақсылап араластырыңыз. 1-2 сағат тұндырылған емдік сусынды шыны ыдысқа құйып, тоңазытқышқа салу керек.


ЕСКЕРІҢІЗ!

Бұл емдік қасиеті мол тазартушы сусынды жылытып ішу керек.

Негізінде жоғарыда ұсынылған кез келген жемістің орнына өзіңіз ұнатқан балғын жемісті таңдауға болады. Бұл сусынды ем ретінде ішу кезінде мейлінше дұрыс тамақтануға тырысыңыз. 3-4 мезгіл тамақтану керектігін ұмытпаңыз. Күні бойы тек сусын ішіп жүруден сақтаныңыз.


Егер аталған сусынды уақытылы өз мөлшерімен ішетін болсаңыз, нәтижесін бір аптада-ақ байқайсыз.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Материал түрлі дереккөздерінен алынды.


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


АЛЛЕРГИЯДАН айыққыңыз келсе ҚҰРМА жеңіз


Бұл БЕС әдіс ҰЙҚЫҢЫЗДЫ қандырып, ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗДЫ жақсартады


Бастың айналуын камфора майы тоқтатады