​ДӘРУМЕНСІЗДІК билеген бойды қуаттандыратын ДӘРУМЕН

0
149

«Бір, екі, үш Бойға жина күш». Осылайша 3 қадам жасап бойыңызды қуаттандырып, ағзаңызды әлдендіріп аласыз.


​ДӘРУМЕНСІЗДІК билеген бойды қуаттандыратын ДӘРУМЕН

фото: ru.gallery.world

Авитаминоз (дәруменсіздік) – ағзадағы дәруменнің жетіспеушілігінен пайда болатын дерт. Оның негізгі емі – дұрыс тамақтану мен дәрумен қабылдау. Егер сіздің тамақтану тәртібіңізде жүйелілік болмаса, онда құрамы A, D, E, С және В тобындағы дәрумендерге бай тағамдарды үзбей тұтыныңыз.


Авитаминоздың басты белгілері:

  • тері құрғайды, еріннің айналасы жырылып, жарылады;
  • тырнақтар сынып, бетінде ашық түсті дақ пайда болады;
  • ашушаңдық, шаршау, әлсіздік пен ұйқысыздық сізбен достасады;
  • қызыл иек қанайды.


Осы сынды мазасыздықтан арылғыңыз келсе... Өмірге құштарлығыңызды арттырып, белсенділік танытқыңыз келсе, қызығушылығыңызды оятып, шат-шадыман күйге бөленгіңіз келсе, мына емді жасап көріңіз.

фото: slovmed.com


1-рецепт

1 шай қасықтан ұнтақталған қара қарақат жапырағын, қалақай (крапива), таңқурай (малина), жалбыз (мята), аюбадам гүлі (бузина), шетен (рябина), киікоты (душица) және өгейшөп (мать-и-мачеха) өсімдігін араластырып, термосқа саласыз. Үстіне 1 стақан қайнаған су құйып, қақпағын мықтап жабыңыз. Шамамен 35-40 минуттан соң тұнбаны сүзіп алып, 50 грамнан ішесіз. Емді тамақтан 30 минут бұрын, күніне 3 мезгіл жүргізіңіз.


2-рецепт

а) Блендерге қабығынан тазартылған 2 дана бананды, бір-бір данадан апельсин, лимон мен грейпфрутты салып, араластырыңыз. Оған 100 гр. құрғақ шарап пен 50 гр. үгітілген грек жаңғағын қосыңыз. Дайын болған дәруменді тағамды күніне 3 рет тамақтан соң жейсіз.

ә) 1 ас қасық алоэ шырынын, туралған 1 дана лимон қабығын, 0,5 келі жөке балын, 3-4 дана қалампырды, 0,5 шай қасық даршынды, 1 дана жұпар жаңғағын кеңдей ыдысқа салып, мұқият араластырасыз. Қоспаны шыны ыдысқа салып, үстіне 500 мл арақты құйып, шыны банкаға салыңыз. Ыдысты күн тимейтін жерде сақтау керек. Шамамен 10 күннен соң дайын болған азықты 1 ас қасықтан күніне 1 рет ішке қабылдайсыз.


3-рецепт

100 грамнан мейіз, кептірілген өрік, шетен мен бүргенді араластырыңыз. Оған 1 ас қасық үгілген грек жаңғағы мен 1 дана лимон шырынын қосасыз. Бәрін еттартқыштан өткізіп алып, ыдысқа саласыз. Үстіне 0,5 литр қайнаған су құйып, 5 минуттай қайнатыңыз. Қоспа салқындаған кезде табиғи бал араластырып жей беруге болады.

фото:bookajco.com

А дәруменін – өріктен, балық майынан, сәбіз бен қызанақтан, сәбіз шырынынан табасыз. Егер күніне сары май немесе майлы кілегей қосылған 1 стақан сәбіз шырынын ішсеңіз, көктемгі әлсіздікті жеңіп, дәрумен тапшылығына шалдықпайсыз.

В дәруменін – еттен, балық майынан, қарақұмық ұнтағынан, бауырдан, бұршақ пен жаңғақтан аласыз.

С дәрумені – цитрусты жемістерден, қарақарақаттан, итмұрын мен кивидің құрамында кездеседі.

D дәруменіне – теңіз тағамдары, сұлы жармасы, ақжелкен, сары май, ірімшік, творог пен сүт өнімдері бай. Сонымен қатар күннің сәулесі де бойыңызды D дәруменімен байыта алады.


Ләззат АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ.

Тағы оқыңыз:


Наурыз көжеге қосылатын МЫНА дәндер ЖЕТІ ауруды емдейді


Наурыз мерекесінде СІЗ дәріптейтін ЕКІ дәстүр


Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет