​ИММУНИТЕТТІ мына ҮШ түрлі ШАЙ көтереді

0
6 040

Бұл ВИРУС ИММУНИТЕТІ мықтыларға ЖОЛАМАЙДЫ.


​ИММУНИТЕТТІ мына ҮШ түрлі ШАЙ көтереді

фото: zen.yandex.by

Бүгінде кіммен хабарласып, жағдай сұрассаңыз да айтатындары «Аман болайық, Алла тыныштығын берсін!» деген тілеуді естиміз. Бұл сөзді өзіміз де күніне 5-6 рет қайталап жүрміз. Сондағы үлкендердің, медицина мамандарының айтатын ең алғашқы кеңестері «Иммунитетіңді көтер, сонда сырқаттан сақтанасың» дейді. Иә, иммунитеті әлсіздерге ауру да, вирус та, микроб та жұққыш келетіні дәлелденген дүние. Сондықтан да үрейге бой алдырмай, иммундық жүйемізді нығайтуға тырысайық. Өзіміздің де, жақындарымыздың да саулығын сақтайық. Иммунитетті көтеруге арналған сан түрлі дәрумендер мен дәрілер бар. Бірақ олардан бұрын үй жағдайында мына кеңестерді қолданып көріңіз. Көмегі орасан зор екеніне сеніңіз.


ЕМДІК ҚОСПА

Мына індеттің құрығына түсіп қалмау үшін мына қоспаны дайындап, ем ретінде қабылдаңыз.

Керектілер:

  • 2 дана лимон
  • 1 бас сарымсақ
  • 1 стақан бал

Дайындалу әдісі:

Лимонды сығып, сөлін аласыз. Сарымсақты сарымсақсыққышпен езіп, ботқа әзірлеңіз. Ал балды ыдысымен ыстық суға салып, еріту керек. Бәрін бір ыдысқа салып, мұқият араластырыңыз. Дайын болған қоспаны шыны ыдысқа салып, тоңазытқышта сақтайсыз.

Емдік қасиеті мол қоспаны 1 шай қасықтан күніне 2 рет қабылдаңыз.

Сонымен қатар ғасырлар бойы ем ретінде кеңінен қолданылып келе жатқан пияз, ащы бұрыш, сарымсақ, куркума, сынды дәмдеуіштерді де үзбей қабылдап жүруге кеңес береміз. Бұл үшеуі де кез келген инфекцияны жоюға қабілетті. Суықты шығарады, ағзаның қорғаныс қабілетін жақсартады. Әсіресе фитонцидке бай сарымсақ ағзаға түскен бактерияның көзін оп-оңай құрта алады. Сондықтан да күніне 2-3 тіс сарымсақ жеп жүруге кеңес береміз.

фото: yandex.kz

ЖӨКЕ ШАЙЫ

Иммунитетті бір күнде көтергіңіз келсе жөке (липа) шайының көмегіне жүгініңіз. Ол үшін бір шыны қайнаған суға 1 ас қасық үгілген жөке гүлін араластырасыз. Шым-шым жылыған кезде 1 ас қасық бал қосыңыз. Мұқият араластырып алып, ішесіз.

Жөке шайы иммундық жүйені нығайтады, мезгілдік тұмаудан қорғайды, бойыңызды суықтан сақтайды. Сонымен қоса, құрамындағы белсенді қоспаларының арқасында жүйкені тынықтырып, ағзаны қуаттандырады.


ЗІМБІР ШАЙЫ
Зімбір қосылған сусын кез келген жұқпалы індетке қарсы тұрады. Ол бойыңызды қыздырып, тәбетіңізді ашады. Ем ретінде 1 стақан қайнаған суға 5 гр. кептірілген зімбір ұнтағын араластырасыз.

ЕСКЕРІҢІЗ!

Зімбірді дене қызуы көтеріліп тұрғанда қабылдауға БОЛМАЙДЫ.


АЮБАДАМ ШАЙЫ

Медицина саласының әкесі деп танылған Гиппократтың өзі иммунитетті көтеретін ең керемет шөп – аюбадам (бузина) деген екен. Сондықтан да бұл қасиеті мол шөпті мыңжылдан бері адамдар ем ретінде қолданатын көрінеді.

Аюбадам – иммунитетті көтеріп қана қоймайды, суыққа қарсы күреседі, аллергия мен тұмауды емдейді.

Емдік үшін 1 стақан қайнаған суға 1 шай қасық үгілген аюбадамды араластырып ішесіз. Күніне 2 рет, 3 күн бойы ішсеңіз, керемет нәтижесін көресіз.


Талайларды ажал құштырған, сап-сау денесін төсекке таңып қойған мына індеттің көзін құртуға әзірге дәрменсізбіз. Десе де, бойыңызға қабылдамай, сақтанудың бір емес, бірнеше амалдары бар. Індетпен күресу үшін:

  • Үрейге бой алдырмаңыз;
  • Иммунитетті көтеріңіз;
  • Құнарлы тағамдарды тұтыныңыз;
  • Дәрумен қабылдаңыз;
  • Денеңізді шынықтырыңыз.


ВИРУСТАН қорғайтын ҮШ дәрумен БАР

фото: fb.ru

C дәрумені

Аскорбин қышқылы – ағзаның қорғаушы кілті. Мұны күнде қабылдайтындардың иммунитеті мықты болады. Әсіресе, үйдегі кішкентайлар мен қарияларға көбірек жегізіңіз.

Бұл таблетканы жеу қиындық тудырса, онда киви, брокколи, лимон, апельсин сынды цитрусты жемістерді үзбей жеңіз.


D дәрумені

Иммунитетті көтерудің екінші әдісі – таза ауада серуендеу. Күннің көзі бойыңызға D дәруменін дарытады. Егер сыртқа шығуға қауіптенсеңіз, терезені ашыңыз немесе балконға шығып бетіңіз бен қолыңызды қыздырыңыз. Күн сәулесін қабылдауға 10-15 минут уақыт жеткілікті.

Мұның да мүмкіндігі болмаса, онда майлы балықты, балықтың бауырын, сары майды көбірек жеңіз.


A дәрумені

Бета-каротин керемет антиоксидант. Кез келген дәрігердің алдына барсаңыз, тізімге осы дәруменді жазады. Бұл дәрумен иммунитетті көтереді әрі аурудан айығуға күш береді. Ағзаңызды А дәруменімен байытқыңыз келсе, асқабақты, өрікті, шалғамды, қызанақты, көбірек жеңіз.


Жалпы, вирустан сақтану үшін әр адам әртүрлі әдістерді қолданып жүргені белгілі. Кейбіреулер тауық етінен немесе сиырдың сүйегінен қайнатылған сорпаның емдік қасиеті орасан дегенді айтса, енді бірі тек кефир ішіп мықты болып жүргенін алға тартады. Иә, алыстағы аурудан қорқып, үркіп жүрудің қажеті жоқ. Мейлінше сақтық шараларын жасап, мүмкіндіктерді қарастырыңыз. Бойыңызда қандай да бір жайсыздықты сезіндіңіз бе, дереу терлеуге әрекет етіңіз. Сорпа ішіңіз, тосап қосылған шай ішңіз. Ауруды асқындырмай тұрып, бетін қайтаруға әрекеттеніңіз.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Дереккөз: 100polezno.ru


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ТЕМПЕРАТУРАНЫ бес минутта ДӘРІСІЗ түсіруге болады


Өкшенің ЖАРЫЛУЫНА не СЕБЕП болады?


ПНЕВМОНИЯНЫҢ ең алғашқы 10 БЕЛГІСІ қандай?

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет