"Ағайын, ұлды болдым": Төреғали Төреәлі халықтан сүйінші сұрады

0
7 056


Ұлы дала баласы ұлды болды. Бұл туралы әнші өзінің парақшасында сүйінші сұрап, видео жариялады.

Ол өз сөзінде "Кәусар дүниеге келгенде Хайнаньда, Тоғжантай дүниеге келгенде Алматыда, Фатима дүниеге келгенде Қытайда, Төренұр туғанда Оралдан Ақтөбеге барған едік, ал бүгін біз Нұр-Сұлтандамыз. Сүйінші, ағайын! Ұлды болдым!" дейді.

Мұны естіген көпшілік жанкүйерлері мен өнердегі әріптестері тілектестік білдіріп, ақ ниеттерін білдіріп жатыр.


"Қасиетті жұма күні атұстар ұлмен сүйіншілеген АЛЛА ТАҒАЛАҒА САНСЫЗ МАҚТАУЛАР БОЛСЫН!!!" деп жазған Төреғали Төреәліге Сәкен Майғазиев, Мұхаммеджан Тазабеков, Серік Ибрагимов, Жанқош Тұраров, Әбдіжаппар Әлқожа сынды белгілі жұлдыздар тілектерін жеткізіп пікір қалдырған.

Бесінші баласы дүниеге келіп жатқан әншіні біз де құттықтап, баласының саулығын тілейміз!