​«Екінші әйел аламын!»: Төреғали Төреәлі алдағы жоспарымен бөлісті

0
2 816

«Ата-анамның алдында ұятты боп қаламын»


​«Екінші әйел аламын!»: Төреғали Төреәлі алдағы жоспарымен бөлісті

Әнші Төреғали Төреәлі «NNN show» бағдарламасына қатысып, екінші әйел алатынын ашық айтты.


Блогер Нұрдәулеттің "шындық детекторына" отырып, «Екінші әйел аласың ба?» деген сұрағына, әнші «Иә» деп жауап берді.


«Иншалла, аламын. Мен төртеу алсам ба деп ойлаймын. Алла қаласа деп отырмын. Негізі екінші әйел алу біздің қоғамдағы ауқымды тақырыптардың бірі ғой. Мен енді, қалай айтсам болады, егер осы нәрсе тағдырыма жазылып қойған болса, мың адам қарсы болса да мен оны аламын. Ал енді тағдырыма жазылмаған нәрсе болса, жүз жерден әйелімді көндірсем де ала алмаймын. Сондықтан бұл тағдыр деген Алланың қалауы. Қаласа болады, қаламаса қайырлысы» деді Төреғали.


Ол сондай-ақ ыңғайсыз жағдайға жиі тап болған кезін еске алды.


«Ұялған кезім көп, көбіне ата-анамның алдында ұятты боп қаламын. Халықтың алдында да ұялып қалам. Әттеген-ай дейтін кездерім көп болды. Енді ол от болатын, шоқ болатын жастағы нәрселер ғой. Ол дәуреннен өттік, уақыт бір орында тұрмайды ғой. Аққан судай, шапқан аттай зымырап жатқан уақыт екен» деді әнші.