«Қартаймайтын әйел!» : Желідегілер Мадина Сәдуақасованың жаңа образына баға берді

0
1 284

«Сізге әншіліктен гөрі модель болған жарасады»


«Қартаймайтын әйел!» : Желідегілер Мадина Сәдуақасованың жаңа образына баға берді


Белгілі әнші Мадина Сәдуақасова жаңа фотосессия жасатқаны туралы инстаграмда жазба жариялады.


Шетелдік актрисалардан аумайтын суреттерін жүктеген әнші: «Уақытты кері қарай айналдырғыңыз келеді ма ? деген сұраққа жауап “Жоқ! Қазіргі жасым , өмірім, қасымдағы серігім , қазіргі таңдағы жетістігіме абыройыма, атағыма шүкір деп, болашақтан тағы да үлкен кереметтерді күтудемін! Ата- анам, бауырларым, отбасым, Сіздер барсыздар, адал жанкүйерлерім бар..! Так что , кереметтің барлығы болашақта!» - деп жазды.


Сондай-ақ, М.Сәдуақасова жақын күндері жаңа бейнебаяны шығатынын айтты.


Желідегілер «От қой от», «Қай жағынан болса да талантты қызсың», «Күннен күнге жасарып барасыз» деген сияқты пікірлерін жазуда.