ҚҰРАЛАЙ ханым: «Алты бала тауып... осы уақытқа дейін "төсекті" алдыңғы орынға қоймаппын»

0
26 300

“....Төменгі мүшелеріңді ғана ойлай бермей, сананы сапырып, жүректі жандырып, көкірек көзді оятып, жоғарғы мүшелерді неге жұмыс істетпейсіздер осы?!»


ҚҰРАЛАЙ ханым: «Алты бала тауып... осы уақытқа дейін

«Қазақстан» арнасындағы «Бақытты әйел» бағдарламасындағы «Құралайдың құпиясын» жүргізетін Құралай Ошақбаеваны жұрт «Құралай ханым» атауымен жақсы таныса керек. Сонымен қатар, оның есімі «Сұлу болсын ғұмырың» тренингтерімен де көпшілікке белгілі.

"Құралайдың құпиясы" бағдарламасының жүргізушісі барлық құпияны біледі деп сенетін оқырмандардан оның дайректіне түрлі хаттар келетіні де анық. Сол хаттардың бірін парақшасында жариялап, оған деген пікірін Құралай ханым былай білдірді:

kuralay_hanum: «...Хат келді.
«Күйеуден шаршадым. Ажырасқым келеді. Жасым 27-де. Бес жыл тұрамыз. Бір-бірімізден жалыққанбыз. С...с нөл. Түк қызық жоқ. Екі бала үшін ол да, мен де құр жүргендейміз. Бұрынғы маxаббатым телефон соғып жүр, сонымен бүлдіріп қойсам. Көңіл бөлмеген үшін, күнәлі күйеуім бодады деп ойлаймын...» деген сыңайдағы ұзынсонар зар жылаған xаттар дайректе толып тұр...

Алты бала тауып, 20 жыл отасып, осы уақытқа дейін сексті алдыңғы орынға қоймаппын... Шын сөзім! "Төсек" ("секс" сөзі өзгертіліп алынды - ред.) нөл болса – өлу керек, не ажырасу, не басқаны іздеу керек деп бөсетін сексопатологтар мен псиxологтар оттамасын!

Атам қазақ, киіз үйде жатып, 100% с... болды дегенге сенбеймін.
Сексуальная энергетика адам бойына берілген, ең соңғы чакрасында орналасқан, төменгі энергетикасы! Ол жер бетіндегі, барлық жан-жануар мақұлықтарға да берілген! Адамның солардан артықшылығы – ақыл-ой, сана, руxы бар! Төмен әлемді торлап жүре берсең – сорлағаның деп білем!

18 мың ғаламда, түрлі ғажайыпты жаратып, Жаратушымыз миллион түрлі тәтті сезімдерді адамға сыйлаған!
Бар қызықты – бір сызыққа ғана тіркеп қойсақ, жануардан артықшылығымыз не?! С...-мекс деп қыртып, төменгі мүшелеріңді ғана ойлай бермей, сананы сапырып, жүректі жандырып, көкірек көзді оятып, жоғарғы мүшелерді неге жұмыс істетпейсіздер осы?!

Бойдағы азарттықты, жыбырлаған артық сезімдерді, атқылаған эмоцияларды, бірдеңе бүлдіруге емес, бірдеңе ойлап табуға, бизнеске, жаңалық жасауға, өмірді өзгертуге жұмсауға болмай ма?!
Басқа біреумен мың пайыз секс жасап кететініңе, жүз пайыз сенімдесің бе? Болып жатқан жамандыққа, күйеу емес, өзің де кішкене қатысың бар деп ойламайсың ба?
Әй қайдам! Тура қазір саған құдай, басы алтын, арты күміс, секіріп билеп жүрген, сексуальный италянецты сыйға тартса да, нөлден көтерілген с... көруің екіталай...
Өзіңді жөнде жарығыыыым!!!
Сынған моторды, запчасть түгел болмаса, қандай мықты моторист болса да, оталдыра алмайды...
Моторист іздеп шапқылағанша, мидағы жетіспейтін запчасттарыңды түгенде... Сонда ғана, үйдегі қолынан түк келмейтін стажерың-ақ, дыр дегізіп, оталдырып, 180-мен айдап жүретін болады!»

Оқырман хатына Құралай ханым осылай жауап беріпті. Ал бұл жауаптың дұрысы мен бұрысын ажыратуды өз еншіңізге қалдырдық, қадірлі оқырман.

Фотолар: @kuralay_hanum

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


«ОПМАЙ-ОПМАЙ! Кләстастар қайда?» әніне билеген әжей желіні жарды (видео)


САНЖАР КЕРІМБАЙ: «Ақылды адам бұл үшеуін жария болудан сақтап қорғасын»


Рухани лектор күйеуді АРАҚтан құтқарудың жолын айтты