Рухани лектор күйеуді АРАҚтан құтқарудың жолын айтты

0
4 582

Бұл кейбір әйелдерге ой салып, күйеуін арақтан арашалап алуға көмектесе ме?


Рухани лектор күйеуді АРАҚтан құтқарудың жолын айтты

Есімі «Шетелдегі қазақ балалары» тележобасымен көрерменге жақсы таныс, ал, оқырман қауымға «Жанар Байсеміздің рухани практикасы» кітабымен белгілі тележурналист соңғы кезде басқа қырынан танылып жүр.

Ол қазір еліміздің барлық қалаларында «Экс кәрі қыздан құнды кеңес», «Ешнәрсеге қарамастан бақытты бол» атты тренингтер өткізіп, көпшіліктің сүйікті мотиваторына айналған.

Жанар Байсемізова тренер, рухани лектор ретінде инстаграм парақшасында тек құнды кеңестерімен бөліседі. Оның арақ жайлы мына бір жазбасы кейбір әйелдерге ой салып, көмегін тигізетін секілді.

janar_baisemizova: Қазақстан Орталық Азия елдері бойынша алкоголді өнімдерді пайдалануда 1-орында тұр. Халықтың 35 % ішімдік ішсе, олардың 17%-ы санасын спиртке жеңдіргендер қатарында екен. Елімізде әсіресе әйелдер маскүнемдігі асқынып барады. Егер араққа 100% адам құмар десек, оның 35 %-ы нәзік жандар. Бұл өте қорқынышты факт. Өйткені ішімдікке әуес әйелдердің қайтымы қиын.

Анда-санда 100 грамм ұрттап қойған дұрыс деген жалаң пікір. Бұл әзәзілдің, жынның адамның санасын улап, нәпсісіне жеңдірген уы. Арақ бұл жынның сусыны. Үйіңізде спирттік өнім болса – жын бар дегенді білдіреді екен.

Үйді жынның ордасына айналдырмай, Құдайды кіргізу әйелдің міндеті. Үйді Жаратушыға арнау керек. Қабырғаға өзіңе ұнайтын емес, Тәңірдің разылығын білдіретін заттарды ілген жөн. Үйдің ішінен қағынған-соғынған, даңғырлаған музыка емес, рухани әуен естіліп тұрған дұрыс.
Баяу қойылған рухани шығармалар шаңырағыңызды шаттыққа бөлейді. Үйдегі эфирді тазалайды.
Жолдасы әзәзілдің сусынына құмар әйелдер ең болмағанда күйеуінің үйде арақ ішуіне жол бермеулері қажет екен. Сол үшін әйел өзін тазалап, дамытып, үйде күнде-күнде құлшылық жасауы абзал. Үйдің ішін айнадай таза ұстаумен қатар, ауаның, эфирдің негатив пікір, ой, сөзден ада болғанын қадағалау қажет.

Сыртта ішімдікке сылқия тойып келген еркек – дұғамен, Құдайға құлшылықпен тазаланған атмосфераға кірген кезде одан сайын жынданады. Сізден тағы 100 грамм талап етеді. Бермеңіз!

Сіздің санаңыз тазаланған сайын сіз күйеуіңізді әзәзілдің құрсауынан құтқарасыз. Оған көбірек назар аударыңыз, таңдайындағы арақтың дәмін кетіріп, махаббаттың бал шырынын ұсыныңыз.

Ішкісі келіп тұратын адам бақытсыз адам. Ішімдік көмейіне құйылған соң, ол өзін керемет сезінеді. Уайым-қайғысын, қорқыныштарын ұмытады. Жындар оған эйфорияда болатынына кепілдік береді. "Іш, іш, тағы да іш. Бәрін ұмыт. Бәрін ұмытасың. Сен ең мықтысың, қалғандары жүрген бір қиқымдар", - деп өркөкіректіктің, менмендіктің уытты дәнегін егеді.

Адамдарға сондай лас ойларды салатын - солар. Адамзат баласын азғыратын ойлар солардан келіп жатыр. Олардың міндеті адамзат баласын азғырып, өз армиясының қатарын толықтыру. Олардың сан түрлі қаруы, айласы бар. Ал, сәл ұрттағаннан ешнәрсе бүлінбейді, көңіл-күйді көтеру керек деп ойлаған әйелдің жүрегінде жын отыр деген сөз.

Қымбатты әйелдер, үйлеріңізге, жүректеріңізге жынды кіргізбеңіздер. ӘЙЕЛДІҢ ЖҮРЕГІ ЖАРАТЫЛЫСЫНАН ТАЗА. ТАЗАЛЫҚТЫ САҚТАЙЫҚ».

Жанар Байсемізова осылай дейді. Ал, сіз күйеуді арақтан арашалап алуға жәрдемдесетін қандай әдіс-тәсілді ұсынасыз? Білгеніңізбен бөлісе отырыңыз, оқырман!

Фотолар: @janar_baisemizova

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


«Жақсы адам БІЛГЕНІН, жаман БЕРГЕНІН айтады»

"Мөңке би айтқысы келіп, бірақ айтпағандарын" ақын Балғынбек айтты

«ХАЙПЕРҒАЛИ ХАЙПЕРӘЛІ», «Малшы болғысы келетін ӘНШІ» - кімдер?