САНЖАР КЕРІМБАЙ: «Ақылды адам бұл үшеуін жария болудан сақтап қорғасын»

0
11 959

Бұны әйел де, еркек те, жас пен жасамыс та білгені жөн-ау?!


САНЖАР КЕРІМБАЙ: «Ақылды адам бұл үшеуін жария болудан сақтап қорғасын»

«Шетелдегі қазақ балалары» тележобасының авторы, белгілі журналист Жанар Байсемізова өзіне жиі қойылатын сұрақтардың біріне есімі таныстыруды қажет етпейтін танымал логотерапевт, «Отбасы хрестоматиясы» кітабын құрастырушы Санжар Керімбайдың сөзімен жауап берді.

Ж.Байсемізова бұны өзінің (@janar_baisemizova) инстаграм парақшасында жариялады.

Janar baisemizova: «Осы Санжар Керімбай намаз оқиды ма?» - деген сұраққа жазбаша түрде былай жауап берген екен. Большевик мұсылмандар қазақ мәдениетін өлімші хәлге келтірген соң этикаға қайшы жаңа ережелер ендірді. Соның бірі: кісінің құлшылығы мен сенімі жайлы елдің көзінше қадалап тұрып ашық сұрау.

Мысалы соңғы 15 жылда ең көп тараған сұрақ былай: «Сіз намаз оқисыз ба?». Осы сұрақтың эпидемия сияқты тарағаны сонша, большевик мұсылмандар оны көрінген мінберден кез келген адамға қаратып қоя беретін болды. Тіпті 2004 жылы Алматыда классик жазушы М.Мағауинмен шығармашылық кездесу өтіп жатқанда студенттер «Сіз намаз оқисыз ба?» деп сұрады. Тіпті журналистік этикаға жат болса да кей журналистер эфирде ұялмай осы сұрақты қояды.
Өркениетті елде кісінің діни сенімі мен құлшылығын сұрау этикаға жатпайды. Ол мәселені Құдай мен құлдың арасындағы құпия, интимді мәселе деп қарайтын мәдениет көнеден қалыптасқан. Орта ғасырда Мәуләна Руми ол жайлы «Адамның Алламен қатынасы, ерлі-зайыптының некесіндей сырлы болсын» деген еді.
Жан әлемін терең зерттейтін экзистенция психологиясы бұл мәселені былайша тарқатады. Діни сенімін ашық талқылау адам табиғатына жат. Оны ғылымда «діни ұяңдық» (религиозная стыдливость) дейді. Діни ұяңдық иман жайлы ашық айтуға рұқсат етпейтін түпсанадағы психикалық механизм. Бұл механизм де Алланың адамға берген көп нығметінің бірі. Себебі ДІНИ СЕНІМ де махаббат пен өлім сияқты интимді тақырыпқа жатады. Кез келген адам ғашықтық сезімі жайлы ашық айтуға ұялады. Өлімі жайлы оңашада толғанады. Бұл тақырыпқа басқаның кіріскенін қаламайды. Сенім мен құлшылық та солай. «Сіз намаз оқисыз ба?» деп сұрайтындар басқаның ең нәзік, ең құпия, ең интимді зонасына тұмсығын тығады. Байқасаңыз мұндай сауал бірден жағымсыз сезім тудырады. Ал, ғалымдар былай деп қатаң ескертеді. «Сенім, Махаббат және Өлім адамның интимді сыры. Ақылды адам бұл үшеуін жария болудан сақтап қорғасын. Интимді аймаққа ешкімді кіргізбесін. Бөтеннің назары осы аймаққа сұқтанғанда олар шынайы қалпынан айрылады».

Журналист, мотиватор Жанар Байсемізова «Маған да осы сұрақ жиі қойылады, бұл интимді тақырып екенін айтқан едім. Санжар Керімбай осыны түсінікті жеткізіпті» деп жазды оқырмандарына арналған постына.

Ал, оқырман, сіз, діни сеніміңізді, күйеуіңізбен (әйеліңізбен) арадағы екеуіңізге ғана тиісті түнгі сезім сырын дос-құрбыға жария етіп жүрген жоқсыз ба?

ФОТО: degdar.kz

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Рухани лектор күйеуді АРАҚтан құтқарудың жолын айтты


«Жақсы адам БІЛГЕНІН, жаман БЕРГЕНІН айтады»


"Мөңке би айтқысы келіп, бірақ айтпағандарын" ақын Балғынбек айтты