Мадина Сәдуақасова тойда не жеп жүр?

0
2 254

Әншінің желідегі видеосына көпшілік түрлі пікір жазып қалдырды.


Мадина Сәдуақасова тойда не жеп жүр?

Мадина Сәдуақасова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына стюардесса болып киініп, тойда жүрген сәтінен видео жүктеді. Кезекті бейнебаянына дайындалып жүрген әнші диетада жүргенін айтты.

"Мен арықтап жүрмін. Осыған (жасыл жапырақты ұстап тұрып) көштік. Өйткені дәл қазір клипке дайындалып жүрмін", - дейді әнші.

Әншінің желідегі видеосына көпшілік түрлі пікір жазып қалдырған. Бірі, әншінің әдемі екенін жеткізсе, екінші бірі диета қуғанша, балалардың санын көбейтуге кеңес берді.

"20 жастағы қыздайсыз. Сахнаның гүлісіз ғой. Өнеріңізге тәнттіміз", "Мадина ханым қандай сымбатты да сүйкімді екенсіз жаным сол", - деп жазба қалдырды оның сұлулығына тамсанған оқырмандар.

"Отбасыңыз бар. Бөксені көрсетіп видео түсіру ұят сияқты. Қанша дегенмен көпке үлгі болар жансыз, "Мадина, өз-өзіңді жақсы көруді қашан қоясың", - деген сыни пікірлер де жазылған видео астына.