​«Маған хат жазба, дәрігерге жүгір!»: Ләйлә Сұлтанқызы қыз-келіншектерге ақыл айтты

0
1 195

«Гинеколог дегенді жылдар бойы көрмеген жандар бар»


​«Маған хат жазба, дәрігерге жүгір!»: Ләйлә Сұлтанқызы қыз-келіншектерге ақыл айтты


Белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы денсаулығына салғырт қарайтын қыз-келіншектерге алаңдаушылық білдірді.


«Менің әлеуметтік желідегі парақшам күнделік сияқты. Келетін хаттардың құрылымы әртүрлі болғанымен, мазмұны бір. «Мен күйзелістен қалай шықсам болады», «шаршап жүрмін» деген сарында…



Ал ең нервым ауырып, іштей аяйтын хат ол денсаулыққа қатыстылар көбіне. Ауырса, бірден ауруханаға бармайды. Немесе қолхат жазып кететінін мақтанышпен айтатындар да арамызда жоқ емес. Өйткені баланы қарайтын, үй-ішіне шай беретін адам керек.



Денсаулығы кетіп бара жатыр, арықтау керек. Бірақ үстелде қалған тамақты «ысырап болмасын» деп жеп қояды. Өзін жайсыз сезінсе де соңына дейін шыдайтын, гинеколог дегенді жылдар бойы көрмеген жандар бар.



Бірақ бақыттың да, байлықтың да, жетістіктің де, білімнің де түбірі бір - ДЕНСАУЛЫҚ. Айтқым келгені, иә, көптеген ірі-ірі форумдарға, бизнес-форумдарға, шараларға спикер ретінде шақырып жатады. Бірақ қандай сахнада тұрсам да, кімнің алдында сөйлесем де үнемі бірінші денсаулық жайлы сөз етемін. Әсіресе ӘЙЕЛДІҢ саулығы. Бойында жаны бар, еті тірі әр адам өзінің саулығын басқасынан биік қою керектігін айтқым келеді, жеткізгім келеді.



Құрметті құрбым, құрдасым, сырласым, сіңлім, әпкем, жеңгем! Басыңыз «жай ғана» шағып ауырса да, ішіңіз бұраса да, аяғыңыз тоңса да, почкаңыз маза бермесе, щитовидка проблема болса дәрігерге қарай ұшыңыз. Ағзаңыздағы кез келген ыңғайсыздықтың арты жақсылыққа апармайды, жандарым» деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы..