"Өткенімді еске түсіріп бір жылап алдым": Төреғалидың қарындасы 3 айда 30 келі салмақ тастаған

0
1 103

"Кәдімгідей денем тітіркеніп кетті" - дейді әншінің қарындасы.


Белгілі әнші Төрағали Төреәлінің қарындасы Дина Төреәлі өзінің өткенін еске алып жылап қалған.

Оған оның салмағы әсер еткен сияқты. Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасына жазды.

Дина Төреәлі: "МЫНА ШЕКСІЗ ӘЛЕМДЕ, ӨЗІҢДІ ШЕКТЕМЕ! Мына видеоны көріп өткенімді еске түсіріп бір жылап алдым… кәдімгідей денем тітіркеніп кетті.

Сол артық 30 кг салмақпен жүрген кезім.

Мен Сіздерге “мүмкіндігінше ертерек бастау керек және белсенді әрекет ету керек”- деп үнемі айтамын, өзіңізді керемет ынталандыратын нәрселермен қоршап алыңыз. Мен бұл мәселені, басқа ойлар болмағандықтан немесе басқа ісім болмағандықтан айтып отырған жоқпын, менде де, көп адамдар сияқты, мұң басып, басымда бір ғана ой болған: «Неге мен ертерек бастамадым? Ертерек бастағанда мен өзімді мүлдем басқаша сезінетін едім».

Болашақтағы - сен, дәл қазір бастағаның үшін қазіргі өзіңе риза болады. Күмәндануды азайтып, әрекетті көбейт! Бәрі сенің ғана қолыңда".

Оның бұл жазбасын көргендер таң қалысып, оның құпиясын білуге құмартып жатыр. Әншінің қарындасы бұл салмақтан бар-жоғы 3 айдың ішінде тастапты.