"Шешініп жатпадың ба?": Жолдыбаеваның суреті желіні шулатты

0
7 443

Оқырман: "Құрсын, далаға ванна алып барып фотоға түсетін болдыңдар ма?"


Жолдыбаеваның жаңа фотосессиясы желіде хит болды. Өзінің әншілік, актерлік қабілетінен бөлек, мінсіз мүсінімен көптің аузынан түспейтін Кәмшат Жолдыбаева өзінің парақшасына жаңа суретін жариялады.

Фотосуретте әнші табиғат аясында, ваннаның үстінде жатыр. Ваннамен түстес көйлек киген сұлу бар лебізін тек "жүрекше" өңтаңбамен жеткізіпті. Есесіне оқырмандары түрлі пікірді толассыз жазып жатыр.

Тыңдармандарының бірі далаға ванна алып барғандарды ойласа, енді бірі оған суды қалай толтыруды ойлап басы қатқан. Ал кейбірі "Ваннаға көйлекпен емес, шешініп жату керек" деп әзілдеді.

ERNUR.KZ