​«Шошаңдап жүреді ғой, өзінен көрсін!»: Әбілмансұр Серіков әкесінің денсаулығы сыр бергенін айтты

0
987

«Әкем маған «Братан» деп сөйлейді»


​«Шошаңдап жүреді ғой, өзінен көрсін!»: Әбілмансұр Серіков әкесінің денсаулығы сыр бергенін айтты


Актер, көпшілікке 5:32 сериалы арқылы танылған Әбілмансұр Серіков журналист Тимур Балымбетовке берген сұхбатында әкесі, белгілі актер Әбунасыр Серіков жайлы айтты.


Журналистің «Сен Астанадасың, әкең Шымкентте, анаң Алматыда тұрады. Араларың алыстап кеткен жоқ па?» деген сұрағына «Жоқ, бәрі жақсы, қарындасым Түркістанда тұрады» деп жауап берді.


«Әкем қазір Шымкентте тұрып жатыр. Оның да өз себебі бар. Денсаулығына байланысты. Сол жерде ем қабылдауда. Массажы бар, сынықшысы бар, грыжасын емдетіп жатыр. Түлкібастан су алдырып ішеді, ауруды басу үшін. Негізі қара шаңырақ Алматыда ғой. Әзірше осылай жүрміз. Білмеймін, әкем біресе тәуір боп қалады, ертеңіне звондасаң қайтадан суық тиді деп жатады. Тағы бірдеңе дейді. Өзі де шошаңдап жүреді ғой енді. Өзінен көрсін» деді Әбілмансұр Серіков.


Ол сондай-ақ әкесімен қарым-қатынасы жөнінде сөз қозғады. Жақында ғана көпшілікке жол тартқан «Жол» фильмі шығардан алдын ол кісі маған хабарласып, «Братан, қалай шықты, киноңыз қалай болды, ұялатындай емес пе?» деп сұрады. Ол мені үнемі бақылап, қадағалап отырады. Маған жанашыр адам ғой» деді актер.