​«Шын жүректен кешірім сұраймыз»: ағайынды Жүгінісовтер Мархаба Сәбиге жауап берді

0
592

«Мархаба ханымның сөздері бөлек, ерекше»


​«Шын жүректен кешірім сұраймыз»: ағайынды Жүгінісовтер Мархаба Сәбиге жауап берді

Танымал әнші, композитор Мархаба Сәби ағайынды Жүгінісовтерге, оның ішінде, Мирас пен Мұхамедәлі Жүгінісовтерге өкпелі екенін айтқан еді.


Жас әнші Мирас пен Мұхамедәлі Мархаба Сәбиден кешірім сұрағанын айтып, болған жағдайды түсіндірді.


«Негізі, барлық жерде Мархаба ханымның автор екені көрсетілген. Менің сұхбаттарымды көрген адамдар біледі, мен барлық жерде Мура досымның әнін жазатынын, Мархаба ханымның сөзін жазатынын және сөздері бөлек екенін айтып жүремін. «Қазақстан даусында» Мұхаммедәлі редакторларға қазіргі автордың атын қателікпен жазып жіберіпті. Ол үшін шын жүректен кешірім сұраймыз. Жеке де хабарласып, кешірімін алдық» деп жазды әнші.


Мирастың інісі Мұхаммедәлі де «Инстаграмында» жазба жариялап, Мархаба Сәбиден кешірім сұрады.


«Сәлем, достар, қалайсыздар? «Инстаграмды» ашып қалсам, «жарылып» жатыр екен. Мен «Қазақстан дауысында» Мирас ағамның «Уақыт» әнін айтып едім, авторын Саят Рахымжан жаздырып жіберіппі. Бұл менің қателігім, оған Мирас ағамның түк қатысы жоқ. Мирас ағамның көптеген әніне Саят ағамыз сөз жазғасын, соныкі шығар деп ойлап қалдым. Қазір жобаның ұйымдастырушыларға хабарласып, қателікті түзетуді өтіндім. Дұрыстап қоямыз. Мархаба әпкеге де хабарласып, қателігім үшін кешірім сұрадым. Бізде бәрі жақсы, достар!» деді Мұхамедәлі.