Танымал актер көлік алу үшін оқырмандарынан ақша сұрады (видео)

1
6 574

Ол видеоны актер өзінің парақшасына жүктеген...


Танымал актер көлік алу үшін оқырмандарынан ақша сұрады (видео)

Халықты күлдіріп жүретін танымал әзілкеш Қанат Әлжаппаров бұл жолы да көрермендерін күлкіге қарық қылды. Инстаграм парақшасындағы оқырмандарының саны бір миллионға жеткенін жеткізгісі келген актер оны әзілмен көмкерген.

Өз ойын "Ассалаумағалайкум, құрметті достар, инста-достар! Міне неше жылдан бері мен бір миллион адамға зорға жеттім. Сіздерге көп-көп рақмет! Барлығы сіздердің арқаларыңыз деп ойлаймын.

Енді осы бір миилион адам 20 теңгеден ақша жинасақ, 20 миллион болады екен. Бір гелендваген алып алайыншы?!" деп жеткізген әзілкештің видеосын көрген оқырмандары өздерінің эмоцияларын түрлі өңтаңбалар арқылы білдіруде.



Фото: alzhapbarov

ERNUR.KZ