Танымал дизайнер әншілікке бет бұрды

0
2 614

"Jado" енді ән айтады.


Танымал дизайнер әншілікке бет бұрды

Жұлдыздардың киімін тігіп жүрген Жадо ханым, енді өзі ән айтпақ екен. Бұл туралы 31 арнаның "Айта берсін" бағдарламасының соңғы шығарылымында хабарлаған.

Бағдарламаның анонсын желіге жүктеген Жадоның директоры Ринат Тәттібай "Қазақстанда бүгінде шамамен 4000 әнші бар екен! 4001 - ші болып @jado.sakhi қосылуда!" деп сүйіншіледі.

Біздегі ақпарат көздеріне сенсек, Жадо сахнаға қадам баспас бұрын жарты жыл дайындалып, вокалдан сабақ алған. Қазіргі таңда бірнеше ән жаздырып үлгерген дизайнердің дауысын жуық арада тыңдайсыздар. Үш әнін жаздырған Жадо ханым тағы да жаңа әндер жаздырудың үстінде.

Мұндай жаңалықты естіген желі қолданушылары Жадоға сәттілік тілеп, жақсы ниеттерін білдіруде.

Фото: jado.sakhi

ERNUR.KZ