"Үйленгім кеп жүр": ​Қыз таппаған "Еркош" кастинг жариялауға мәжбүр болған

0
1 662

Рамазан Амантайдың актерлік шеберлігінен өзге, ақындық қасиеті де бар екен.


Қазақстандық танымал продюсер Нұрлан Қоянбаевтың "Қазақша бизнес. Бизнес по казахски» фильмінде ерке бала Еркош атымен елге танылған актер Рамазан Амантай өзіне жар болатын қызға кастинг жарияламақ. Бұл туралы актер Қазақстан телеарнасының Таңшолпан бағдарламасында берген сұхбатында айтқан.

Бағдарламаға қонаққа келген актер Қажет Смағұл мен Рамазан Амантай «Бизнес по казахски» филімін түсіру кезінде орын алған түрлі жайттар жайында ашық сұхбат берген.

Рамазан Амантайдың актерлік шеберлігінен өзге, ақындық қасиеті де бар екен.

Бағдарлама барысында жүргізуші актерден өзі жазған өлеңдерінен оқып беруге өтініш жасаған. Актер түрлі тақырыпта өлең жазғанымен, махабат турасындағы өлеңін оқып берген. Жүргізуші мұны өнер иесінің үйленгісі келіп жүргенімен байланыстырған. Мұның себебі де бар екен. Актер сұхбат барысында өзінің үйленгісі келетінін айтқан.

«Үйленгім келіп жүр, кастинг жариялаймын!» - дейді Рамазан.