Есте сақтау қабілетін жақсартқыңыз келсе, қанттан бас тартыңыз

0
1 078

Балық майы ми жұмысын дамытып, есте сақтау қабілетін арттыратын кереметтей қасиетке ие.


Есте сақтау қабілетін жақсартқыңыз келсе, қанттан бас тартыңыз

Жас ұлғайған сайын адамның есте сақтау қабілеті де төмендей бастайды. Қазіргі кезде тіпті, жастардың арасында да бұл проблема бар. Мұның бәрі дұрыс тамақтанбау, зиянды тағамдарды көп жеудің салдары дейді мамандар. Алайда ұмытшақтықты жоятын және де есте сақтауды жақсартуға әсер ететін азық-түліктер де жоқ емес. Ендеше есте сақтау қабілетіңізді жақсартқыңыз келсе, қандай тағамдардан бас тартып, қайсысын көбірек рационға қосу керектігін біле жүріңіз.


Қантты аз жеу маңызды

Ғалымдар қанттың есте сақтау қабілетіне кері әсер ететінін дәлелдеген болатын. Бұл зерттеуде ғалымдар тышқандарды құрамында қанты көп тағамдармен тамақтандырып, соңында олардың есте сақтау қабілеті нашарлап, эмоционалды тұрғыда да әлсіз бола бастағанын байқаған. Осылайша ғалымдар қанттың есте сақтау қабілетіне тікелей жағымсыз әсер ететінін дәлелдеп, оны азайтуға кеңес берген болатын. Сол себепті де тәтті торттан, шоколадтан және де қант қосылған сусындардан бас тартқан абзал.


Тамақтану рационыңызға балық майын қосыңыз

Балық майында өте пайдалы омега-3 майлы қышқылы бар. Аталмыш тағам жүрек-қант тамыр ауруларының алдын алып, шаршауды басып, көңіл-күйді бірқалыпты етеді. Бір айтарлығы балық майы ми жұмысын дамытып, есте сақтау қабілетін арттыратын кереметтей қасиетке ие екен. Омега-3 майлы қышқылы ми клеткаларына еніп, қартаюды тежеп, ойлау қабілетін дамытатынын да ұмытпау керек.


Жаңғақты көбірек жеңіз

Жаңғақтың барлық түрі пайдалы дейді мамандар. Бірақ соның ішіндегі миға, есте сақтау қабілетіне ең жағымдысы фундук және грек жаңғағы. Сонымен қатар бұл жаңғақтар нерв жүйесінің жұмысын жақсартып, стерстен арылтады. Себебі аталмыш жаңғақтардың құрамында дәрумендер мен минералды заттар, соның ішінде темір, фосфор, магний, йод секілді заттар бар. Бұл заттар созылмалы шаршаңқылықты, миға түскен ауыртпалықты жеңілдетіп, мидың бірқалыпты жұмыс істеуіне септігін тигізіп, жұмыс істеуге деген құлшынысты арттырады.

Грек жаңғағы майлы қышқылдарға бай және де оның құрамында А, Д, Е дәрумендері бар.


Асқабақ дәні

Асқабақ дәні барлық жағынан өте пайдалы. Оның құрамында да мырыш, магний, мыс секілді минералды заттар бар. Ол сонысымен де өте пайдалы. Бұл пайдалы заттар ми жұмысына айтарлықтай әсер етіп, есте сақтау қабілетін арттырады.

Бұдан бөлек асқабақ дәні адам ағзасына былай да әсер етеді:

  • Жастықты ұзартып, қарттықты алыстатады.
  • Кешкілік шаршауды басып, аяқта варикоздың пайда болуына кері әсер етеді. Ұйқыны бірқалыпты етіп, тез ұйықтап кетуге көмектеседі.
  • Қан қысымын төмендетіп, жағымсыз холестеринді ағзадан қуады.
  • Етеккір кезіндегі бел ауруын ұмыттырып, жатырда полип немесе басқа да онкологиялық аурулардың пайда болуына жол бермейді.
  • Қайызғақтан арылтып, шаштың жалпы жағдайын жақсартады.


Есте сақтау қабілетін жақсарту үшін, мыналарды да қолға алған дұрыс:

Артық салмақтан арылыңыз. Ғалымдар 2022 жылы зерттеу жасаған болатын. Бұл зерттеуде семіздіктің есте сақтау қабілетін нашарлатуға әсері бары дәлелденген. Сондай-ақ, артық салмақ қант диабетіне шалдықтыруы да ғажап емес. Сондықтан дааурудың алдын алғыңыз келсе, барынша арықтауға тырысыңыз.


Ұйқыны қандырыңыз. Ұйқысы қанбаған адамның жұмысы да өнбейтіні белгілі. Ғалымдар жүргізген эксперимент бойынша түнгі уақытта жұмыс істейтін жандар басқаларға қарағанда көп нәрсені есте сақтай алмайтыны белгілі болды.


Миға арналған жаттығуларды жасау да өте пайдалы. Ол үшін арнайы нейро жаттығулар бар. Осындай жаттығуларды 15 минут жасаудың өзі миға айтарлықтай әсер ететінін ұмытпау керек.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Мына дәрумендерді тұмауратқанда қабылдаңыз