​Мына дәрумендерді тұмауратқанда қабылдаңыз

0
2 307

Иммунитеті әлсіз жандар көбіне аурушаң келеді дейді дәрігерлер. Аурудың алдын алу үшін ағзаға қажетті дәрумендерді қабылдау керек.


​Мына дәрумендерді тұмауратқанда қабылдаңыз


Олардың қатарына мыналар жатады:


С дәрумені

Аталмыш дәрумен ағзаны барлық жағынан қорғауға септігін тигізеді. Атап айтар болсақ, С дәрумені ағзаны нығайтып, қабынуға және аллергияға қарсы әсер береді. Алайда С дәруменін ағза жасап шығара алмайды. Оны тек жеміс-жидектерден, көкөністер мен аскөктен, ет пен сүттен, сүзбе, қырыққабат секілді азық-түліктерден ала аламыз. Сол себепті де тамақтану рационына осы азықтарды қосқан дұрыс.


Д3 дәрумені

Вирустың зақымдаған жасушаларын ауруынан айықтырып, қалыпқа келтіретін кереметтей қасиетке ие дәрумендердің бірі. Д3 дәруменін көпшілік білетіндей күн сәулесінен және де тағамдардан алуға болады. Ол үшін күн көзінде 30 минуттай жүруге тура келеді. Сондай-ақ Д3 дәрумені майлы балықта, сары май мен жұмыртқаның сары уызында, ірімшікте бар екен.


В1 дәрумені

Адам өмірінің қалыпты өтуіне көмектесетін В тобының дәрумендері бар. Бұл дәрумен қан жасушалардың зақымдалуына жол бермейді. В1 дәруменін көбіне дәнді-дақылдардан, бауыр мен жүректен таба аласыз.


В6 дәрумені

Бұл дәруменнің де пайдасы ұшан-теңіз. Жалпы пайдасы жоқ дәрумен болмайды. Сондықтан да дәрігер сізге қай дәруменді қабылдауға кеңес берсе, сол дәруменді міндетті түрде қабылдауыңыз керек.

В6 дәруменін күріш, жаңғақ, сәбіз, картоп пен саумалдық, қызанақ, қырыққабат, лимон және құлпынайдан табасыз. Бұл дәрумен вирусқа қарсы тұруға септігін тигізетін антидене құруға, адамға қажетті ақуыздардың түзілуіне атсалысатынын ұмытпаңыз.


В12 дәрумені

Басқа дәрумендер секілді В12 дәруменінің де пайдасы өте көп. Әсіресе бұл дәрумен ағзаның вирусқа қарсы тұруына көмектесетін иммуниетті күшейтуге көбірек атсалысатынын айта кетейік. Оны балықтан, еттен, жүрек, бауыр, бүйректен, теңіз және сүт өнімдерінен табасыз.


А дәрумені

Тыныс жолдарындағы сілекейлі қабықты инфекциядан қорғауға атсалысады. Сонымен қатар, антидене құруға қатысып, ағзаның қабынуға қарсы әсерін күшейте түседі. А дәруменінің қайнар көзі – теңіз балықтарының бауыры мен сиыр бауыры, икра, сары май, жұмыртқаның сары уызы.


Ескерту! Дәруменбі қабылдасам бұрын міндетті түрде дәрігеріңізбен кеңесіңіз!

Дайындаған: Қ. Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


ТІСІН ҚЫШЫРЛАТҚАН баланың "ҚҰРТЫ" жоқ. Ол - стресстен