​«Күйеуім сүндеттелмеген»: мұсылмандыққа бет бұрған келіншек не істерін білмей жүр

0
9 027

«Ересек азаматты сүндеттеуге бола ма?!»


​«Күйеуім сүндеттелмеген»: мұсылмандыққа бет бұрған келіншек не істерін білмей жүр

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

ЕСКЕРТУ: Көшіріп басуға тыйым салынады!

Сүндеттеу – мұсылмандықтың парызы саналады.

Аружан есімді келіншек ERNUR.KZ тілшісіне өз басындағы қиындығын айтып, көптең кеңес сұрайды. Айтуынша, наным-сенімі бөлек отбасыға келін болып түскен ол бес жыл бойы мұнысын ешкімге айта алмаған көрінеді. Енді ғана күйеуін де, оның анасын да мұсылмандыққа бет бұрғызған оның ендігі жерде қауіптенетін бір мәселесі бар екен.


- Ұлы сөзде ұят жоқ, бұл үшін мені ешкім жазғырмасыншы...

Иә, күйеуім де, енем де таза қазақ емес. Анығырақ айтсам, мұсылман болмаған. Сенімі, нанымы басқа екенін мен оған ғашық болғаннан кейін ғана білдім. Бірақ жүрекке әмір жүрмейді емес пе, қанша қарсылассам да, үйдегілер қарсы болса да жүректегі сезімімді жеңе алмадым. Сөйтіп оның сеніміне кіріп, тұрмысқа шықтым.


Қандай дін екенін айтпай-ақ қойғаным дұрыс шығар, бастысы, Ислам дінінің барлық жағынан ақиқат екеніне бірнеше жылдары айтып көздерін жеткіздім. Рамазан айында ораза тұтып, сүрелер оқып, хадистерді айта жүріп оларды да Ислам дініне ғашық еттім десем болады. Басында әрине, қиындықтар болды. Оған үйрене алмадым. Тәрбиеммен бойыма сіңген имандылықтың дәні ақыры жеңіп шықты.


Төркінімдегі, туыстар арасындағы құдайы астарға барса күйеуім де, енем де Құран оқылғанда алақан жайып, бет сипамайтын. Қазір күйеуім менімен бірге мешітке барып садақа береді, бейсенбі-жұма сайын ежіктеп болса да Құран жаттап, оқып жүр. Енем де көзқарасы өзгеріп, көпшілік ортада Алладан ниет етіп жүр. Тілдерін кәлимаға келтіруге үйретіп жүрмын.


Мені қазір бір сұрақ қатты мазалайды.

Күйеуім сүндеттелмеген... Ол мұсылман азаматының сүндеттелуі парыз екенін әлі білмейді, білсе де үндемей жүр. Ұлымыз бар, қазір жасы үште. Тағы екі жылда ол сүндетке отырғызатын жасқа жетеді. Қазір оларға сүндеттеу туралы айтсам, «жабайылық» дей ме деп тартынамын. Қалай, қайтіп жеткізерімді білмей жүрмін. Сонда да сол мәселе көкейімнен кетер емес.

Өзін толыққанды мұсылман санауы үшін ол сүндеттелуі керек шығар? Жасы 31-ге келген азаматты сүндеттеуге бола ма? Осы жағын білмеймін.


Ал сүндеттелмеген еркекке тұрмысқа шыққаным шариғат бойынша күнә емес пе?

Осы сұрақтар мазалайды... Бәлкім, оқырмандар кеңес берер?!, - дейді Аружан.


ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:


«Атам мен енем ұялмайды»: алматылық келіншек түнімен ұйықтай алмай шығатынын айтып шағымданды


«Күйеуіңді бере тұршы!»: Шымкенттік келіншекке құрбысы бұрынсоңды естімеген ұсыныс айтқан