10 күнде АҒЫЛШЫН сөздерін ОҢАЙ жаттай аласыз

0
6 165

Адамның ақылдылығы, зеректігі мидың салмағына байланысты емес. Белсенді нейрондар санына байланысты. Ал сізде қанша нейрон ұйқыда, білесіз бе?


10 күнде АҒЫЛШЫН сөздерін ОҢАЙ жаттай аласыз

иллюстрациялық фото: abzac.cc

Нейрология ғылымының мамандары адамның есте сақтау қабілетінің, ақылдылығының деңгейі мидағы нейрондардың белсенді қызметімен өлшенеді дейді. Олардың айтуынша, адам миында 14 миллиардтан астам нейрон бар. Миындағы нейрондары бір-бірімен қолтықтасып жұмыс істейтін адамға шет тілін меңгеру де, телефон және банкоматтық карточкалардың нөмірін жаттау да оп-оңай. Олай болса, ұйқыдағы нейрондарды ояту керек! Қалай?

Нейрондарды ояту және белсенділігін арттыру үшін қолданылатын аранйы әдіс-тәсіл көп. Соның бірі – кітапты төрт түрлі оқу әдісі.


МӘНЕРЛЕП, ДАУЫСТАП ОҚУ

Кез келген кітаптың бір бетін ашыңыз да мәнерлеп дауыстап оқып шығыңыз. Түсінікті болу үшін бірге жаттығып көрейік. Қуаныш Шонбайдың "Екінші болма" деп аталатын кітабының мынау бетін бірге оқиық. Ал кеттік, ендеше! Дауыстап, тыныс белгілеріне тоқтап, мәнерлеп оқыңыз.



ТӨМЕННЕН ЖОҒАРЫ... ОҢНАН СОЛҒА ҚАРАЙ ОҚУ

Ал келесі бетті оқу үшін, кітапты төңкеріп ұстау қажет. Яғни әріптердің аяғы жоғары қарап тұруы тиіс. Төменнен бастап, оңнан солға қарай оқыңыз. Қане, бірге оқиық.



ТӨМЕННЕН ЖОҒАРЫ... ТІГІНЕН ОҚУ

Қолыңыздағы кітапты төңкеріп оқыдыңыз ба, енді сағат тілі бойынша бір рет аударыңыз да келесі бетті ашыңыз. Төменнен жоғары қарай, тігінен оқисыз. Мысалы, мына мәтінді оқып көрейік.



ЖОҒАРЫДАН ТӨМЕН... ТІГІНЕН ОҚУ

Енді кітапты сағат тілі бағытымен екі рет аударыңыз. Кітаптың келесі бетін ашып, жоғарыдан төмен қарай тігінен оқыңыз.



Кітапты төрт түрлі оқу әдісі түсінікті болды ма? Осы тәсілмен дәл қазір өз бетіңізше бір рет оқып шығыңызшы. Иә, кітапты айналдыра отырып, екі бетті оқыңыз. Бүгінге осы жеткілікті. Ал ертең төрт беттен оқисыз. Осылай әр күні бір беттен қоса отырып, 10 бетке жеткізуіңіз керек.


Әрине, бұл ми нейрондарын «оятудың» бір ғана тәсілі. Дегенмен, осы бір ғана тәсілдің өзі миллион нейроныңызды белсенді қызметке араластыра алады. Нейрондардың белсенділігі артқанда және ұйқыдағы жасушалар оянғанда есте сақтау қабілетіңіз де жоғарылайды. Ал, есте сақтау қабілеті жоғары адам үшін ағылшын тілінің 3-5 мың сөзін бір айда жаттау қиын емес. Жаңа мағлұматтарды қабылдау және бір рет қарап сандарды санаға «жазып» алу да бұрынғыға қарағанда әлдеқайда жеңіл болады.

Сенбесеңіз, кітап арқылы орындалатын осы оп-оңай әдісті 10 күн қолданып көріңіз.


Жазира СМАҒҰЛОВА,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Қандай ертегіні балаға айтуға болмайды?

Мазалаған сұрақтың НАҚТЫ жауабын 24 САҒАТТА қалай табуға болады?