​2022 жылға ЕҢ ҚАЖЕТ БОЛАТЫН 4 сабақ

0
4 244

Осы айтылғандардан сабақ алыңыз!


​2022 жылға ЕҢ ҚАЖЕТ БОЛАТЫН 4 сабақ

(фото ашық дереккөздерден алынды)

Жаңа жылдың жаңа күндерін бастауға бір-ақ ай қалды. Шығарып салғалы тұрған жылда қандай қателіктер жібердіңіз? Алдағы жылы қателіктерге жол бермес үшін қандай сабақ алдыңыз?

Ал психологтар жиі кездесетін қателіктерді түйіндеп, көпке арналған 4 сабақты ұсынады.



1 САБАҚ

Отбасы мүшелерінен кімге қарыз екеніңізді, кім сізден қарызға ақша алғанын және алынған кредиттер туралы ешнәрсе жасырмай айтып отырыңыз. Жалпы отбасының кіріс-шығыстарын жазып отыратын дәптер арнаңыз.

Мысал: Күйеуі душқа шомылуға кіріп кеткен кезде есік қоңырауы безілдеп қоя береді. Сырттағы адам қоңырауды тоқтаусыз басып жатады. Ұйқыдан енді оянған әйел киініп үлгермейді. Үлкен халатын іле салып, есікті ашады.

Қалжыңбас көршісі Боб екен. Құрдасының жуынатын бөлмеде екенін естіген соң, «Мейлі кейінірек келермін» дейді де, қайта бұрылып «Бір секундта 800 доллар тапқың келе ме?» дейді. Әйел «Әрине. Қалай?» дегені сол, Боб «Халатыңның алдын ашып-жапсаң болды. 800 доллар беремін» деп ақшасын көрсетеді. Әйел «Қиын емес» дейді де, халатының алдын ашып, қайта түймелеп алады. Боб 800 долларды қолына ұстатып кетеді.

Душтан шыққан күйеуі «Кім?» деп сұрайды. «Боб қой, сені сұрады» дейді. Күйеуі «Ол менен бір апта бұрын 800 доллар қарыз алып еді, соны беруге келген шығар. Бермеді ме қарызын?» дейді...



2 САБАҚ

Қашанда ең бірінші сөзді бастығыңызға (ал отбасында үйдің үлкеніне) беріңіз. Тілегін айтарда да, ұрыс кезінде де айтарының бәрін сол айтып алсын. Өз ойыңызды, себепті, пікіріңізді әрқашан одан кейін айтып үйреніңіз.

Мысал: Қойманы реттеп жатып сауда өкілі, хатшы қыз және бөлім меңгерушісі ескі шам тауып алады. Хатшы қыз шамды сүрткені сол-ақ, ішінен жын шығады да «Әрқайсыңның бір тілегін орындауға дайынмын» дейді басын иіп.

Үшеуі бірінші тілек айтуға таласады. Хатшы қыз «Шамды сүртпегенде жын бұндай мүмкіндік болмас еді, сондықтан мен бірінші тілегімді айтамын. Мен Малдиви аралдарына барып, үш ай естен кетпес тегін демалыс өткізгім келеді. Ыстық жағалау, массаж, салқын сусын ішіп, керемет өтсінші жазғы демалысым» дейді. Хатшы қыз сол сәтте Гавай аралдарына топ етіп түседі.

Қоймадан хатшы қыздың жоғалғанын көріп сауда өкілі мен бөлім меңгерушісі «Мен, мен» деп ерегісе бастайды. Сауда өкілі «Сиқырлы шамды тапқан мен. Мен айтам тілекті. Мені Гавай аралдарына апарып тасташы. Сол жақта өмір сүргім келеді» деп тілегін айтады. Оның да тілегі орындалады.

Ұзақ ойланған бөлім меңгерушісіне «Ал сіздің қандай тілегіңіз бар?» дейді жын. Ол «Менің тілегім: хатшы қыз бен сауда өкілі түстен кейін кеңседе отыратын болсын. Екеуін де кері қайтар жұмысқа» дейді ашуланып.



3 САБАҚ

Бәрі жеткілікті болу үшін, қартайғанда ешнәрсе істемей алаңсыз өмір сүру үшін өте биікте отыруың қажет. Өзгелерге биіктен қарау үшін де алдымен өз биігіңді тауып алуға әрекет ет. Ол үшін жастық кезеңді білім алуға, еңбек етуге арна, өз жолыңды тапқанша демалыссыз жұмыс істе.

Мысал: Кәрі бүркіт биік ағаштың бұтағында отырады. Биік отырып, жемтігін оңай табады. Қоян оның өміріне қызығып, «Бүркіт, мен де сіз сияқты ешнәрсе істемей, азығымды оңай табуыма бола ма?» деп сұрайды. Бүркіт «Әрине!» деп жауап қатады.

Қоян «Қане, мен де бүркіт сияқты ешнәрсе істемей отырып көрейінші» деп ағашқа сүйеніп алаңсыз отырады. Бір уақытта отыра бергеннен ұйқысы келеді. Көзі ілініп кеткені сол-ақ, қасынан өтіп бара жатқан түлкі ұстап алып, жеп қояды.



4 САБАҚ

«Бақыт тыныштықты жақсы көреді деген даналық сөз бар. Өмірің жайлы, үйің жылы, көңілің тыныш, күнің қуанышқа толы ма, бұны бәріне жар салып айта берме. Сондай-ақ дос пен дұшпанды ажырата біл.

Мысал: Кішкентай шымшық қыс айында жылы жаққа қарай ұшады. Бірақ жолда аяз боп, қар жауып ол әлсіреп жерге құлайды. Басын көтере бергенде қасынан өтіп бара жатқан сиыр тезегін дәл үстіне тастап кетеді. Бастапқыда сиырға ашуланған шымшықтың сәлден соң денесі жылып, жаны кіре бастайды. Бір күн ұйықтап, күш жинап, өзін жақсы сезінеді. Өмірге қайта келгеніне қуанғаннан әндетеді. Шымшықтың даусын естіген мысық оны тезектің арасынан шығарып алады. Шымшық «Сен болмағанда бір күнде қатыңқырап қалған тезектің астынан шыға алмас едім-ау» деп рақметін айта бергенде, мысық оны жеп қояды.

Дайындаған: Жазира СМАҒҰЛОВА,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


2022 жылдан бастап мынау 4 нәрсеге бас қатыруды доғарыңыз!

Миллионер баланы ҚАЛАЙ тәрбиелеу керек?