БІР-ақ СҰРАҚпен адамды тануға болады (қызықты тест)

0
6 769

Адамды тану үшін кез келген досқа, әріптеске бұл сұрақты қойып көріңіз.


БІР-ақ СҰРАҚпен адамды тануға болады (қызықты тест)

Қазақта «Адамды айтқан сөзіне емес, ісіне қарап бағала» деген нақыл бар. Ал психолог мамандар кейбір адамдардың сөзі ісіне, ал ісі сөзіне сай болмайды дейді. Сондықтан да адамды тану үшін ұзақ уақыт қажет екен. Бірақ мынандай бір-ақ сұрақпен адамды тану жылдамырақ.


Бұл психологиялық тесттен алдымен өзіңіз өтіп көріңіз.

ЖАҒДАЯТ: Түн. Көлігіңізбен жолда келе жатырсыз. Қасыңызда әңгіме айтып досыңыз отыр. Кенет қала шетіндегі аялдамада үш адамның тұрғанын көрдіңіз. Автобустан қалып кеткен олар қолын бұлғап тоқтатты.

1. Таяғына сүйеніп, қолы қалт-қалт етіп тұрған кәрі әжей;
2. Бұрын көп көмегі тиген ескі танысыңыз;
3. Сырттай ғашық болып, бірақ телефон нөмірін сұрай алмай жүрген арманыңыздағы ару.

Сұрақ: Көлігіңіз шағын, екі-ақ адам сыяды. Осы үшеудің қайсысын қалаға дейін ала кетер едіңіз?


Ары қарай оқымас бұрын нақты жауабыңызды айтыңыз.

Кәрі әжейді. Мейірімді, қамқор жансыз. Мұндай жан бірінші қарттар мен балаларға көмек беруді ойлайды.

Сіз үшін қашанда бірінші орында – отбасыңыз тұрады. Сізді айналаңыздағылар «Тәрбиелі перзент», «жақсы әке», «нағыз отағасы» деп атайды.

Таныс адам. Адамгершілігі мол, ар-ұятты бірінші орынға қоятын адамсыз. Мұндай адамдар жақсылықты ұмытпайды және көрген жақсылығының қайтарымын жасамай қоймайды.

Сіз үшін достық, таныс-білістің көп болғаны маңызды. Психологтардың айтуынша, мұндай адамдар достыққа берік болғанымен, отбасына онша көңіл бөлмейді. Сырттағы адамдар мақтағанымен, өз үйіндегілер соншалықты мақтай алмайды.

Сұлу қыз. Көздегенін алмай, дегеніне жетпей қоймайтын өте мақсатшыл адамсыз. Мұндайлар бәрінен де өз арманын, өз өмірі мен қалауларын жоғары қояды және сол жолда аянбайды.


Бұл тек озық ойлылар ғана жұмыс істейтін, жалақысы жоғары шетелдік бір ірі компанияның тесті. Компания психологы жұмысқа қабылдарда үміткерлерді міндетті түрде осы тестен өткізеді екен. Сонымен қатар былай жауап бергендерді ғана жұмысқа қабылдайтын көрінеді:

«Көлігімнің кілтін досыма беремін. Оған әжей мен ескі танысымды үйлеріне дейін жеткізіп, қайтып келуін сұранам. Оған дейін танысудың ретін таппай жүрген қызбен әңгімелесіп, телефон нөмірін аламын. Досым келген соң қызды қажетті жеріне жеткізем».

Егер, танығыңыз келген адам да түнде үш адамды да аялдамада қалдырмай, бәрін үйіне дейін жеткізудің шешімін таба білсе, одан айырылмаңыз. Өйткені ол жұмыста да, отбасында да барлық мәселені дұрыс шеше алады. Ең бастысы, ешкімді қиындықта қалдырмайды.


Тест ұнаса бөлісіңіз. Досыңызға, танысыңызға жіберіп, ол туралы көбірек біле түсіңіз.


Дайындаған: Ж. Смағұлова,

ERNUR.KZ


Ұқсас тесттер:


БІР ғана суретпен КӨП нәрсе білуге болады (тест)

Қиындық «тудырушы» мінезіңіз қайсы? (тест)