ГҮЛ арқылы да ӘЙЕЛді тануға болады (тест)

0
8 272

Ол үшін суреттегі алты гүлдің бірін таңдаңыз. Жалпы қандай гүлді ұнатасыз?


ГҮЛ арқылы да ӘЙЕЛді тануға болады (тест)

8 наурыз мейрамыәр әйелдің құшағы гүлге толатын күн. Біз де мереке қарсаңында әйелдер қауымына виртуалды түрде гүл сыйлағымыз кеп отыр. Бұл гүлдердің иісі болмағанымен «сөйлейді». Иә, сіздің өзіңіз аңғара бермейтін мінез қырларын ашып «айтып» бере алады.


Әйелдің ұнататын гүлі де оның мінезі туралы «айтып» бере алады дейді психологтар.



ҚЫЗҒАЛДАҚ

Олар:

  • еркін;
  • оптимист;
  • табиғатты, жан-жануарларды жақсы көреді;
  • қанағатшыл;
  • өміршең;
  • қарапайым;
  • турашыл, бірбеткейлігі басым;
  • кез келген тақырыпта айтары бар;
  • салқынқанды;
  • кішкентай нәрселерге де қуана біледі;
  • эгоистігі де жоқ емес.



ЛИЛИЯ

Лилия гүлін ұнататын әйелдер - айналасындағы адамдардың мотиваторы.

Олар:

  • үнемі позитивті;
  • қылықты, өте тартымды;
  • ашық мінезді;
  • кез келгеннің назарын өзіне аудара алады;
  • саяхатты, бір-біріне ұқсамайтын күндерді ұнатады;
  • өзін-өзі жоғары бағалайды;
  • жұрттың сөзі, пікірі қызықтырмайды;
  • қуаты мол;
  • ортасының ханшайымы;
  • шығармашылыққа бейім;
  • адамдық қасиеттерден гөрі қымбат, сапалы дүниелерді жоғары қояды;
  • жалқау;
  • тым арманшыл;
  • өзімбілерлікке көп салынады;
  • ақыл айтқыш;
  • тәкаппар.



ОРХИДЕЯ

Бұл гүлді интеллекті жоғары әйелдер ұнатады.

Олар:

  • талғамы биік;
  • шаш үлгісі, киім стилі жөнінде жақсы кеңесші;
  • оратор, көп сөйлеуден шаршамайды;
  • сыр жасыра алмайды;
  • шынайы, жасандылыққа жаны қас;
  • мінезі қырсықтау;
  • еркелігі басым;
  • шығармашылықпен айналысса қанаттанады;
  • үнемі өзін-өзі іздеумен жүреді;
  • жаны жараланғыш;
  • күйзеліске тез түседі;
  • мейірімді;
  • креативті идеяға бай;
  • әдемілікті, әсемдікті жаны сүйеді.



БӨРТЕГҮЛ (СИРЕНЬ)

Бөртегүлді жақсы көретін әйелдерден ақылды ана, жақсы жар, инабатты келін шығады.

Олар:

  • сезімін сыртқа шығара бермейді;
  • ашуын ауыздықтап ұстайды;
  • өте сезімтал.
  • тыныштықты жақсы көреді;
  • жан-дүниесі бай;
  • ибалы;
  • көнбіс;
  • төзімді;
  • қиындықтан қорықпайды;
  • ақпейілді;
  • жаны нәзік, бірақ болмашыға бордай езілмейді;
  • сабырлы;
  • өзіне қатысы жоқ іске, өзгенің жеке өміріне араласпайды.



ТҮЙМЕДАҚ

Түймедақөзіне сенімді, қайсар мінезді, бір сөзді әйелдер ұнататын гүл.

Олар:

  • көздегеніне дәл тигізетін мерген;
  • көреген, адам таниды;
  • алыстағы мақсатын анық көреді;
  • сезімде сергек, иллюзияға алданбайды;
  • қай еркектің пиығылы басқа, кімнің көңілі таза екенін көздерінен аңғаратын байқампаз;
  • махаббатқа адал, жан-тәнімен беріле сүйеді;
  • табанды;
  • намысшыл;
  • еңбекқор;
  • өзгені киіміне емес, бойындағы адами қасиеттеріне қарап бағалайды;
  • өзгелерден кең ой-өрісімен, терең түсінімен ерекшеленеді.


РОЗА

Роза гүлі – махаббат символы. Бұл барлық адамды сүйе білетін, сүйіспеншілікті тарата білетін әйелдердің сүйікті гүлі.

Олар:

  • белсенді;
  • батыл;
  • жүйкесі өте мықты;
  • өткенге өкініп, болашақтан қорқып отырмайды, осы шақта өмір сүреді;
  • ерік-жігері күшті дамыған;
  • өзгенің шекарасына баса көктеп кірмейді де, өз әлеміне де кез келгенді кіргізе бермейді;
  • қарым-қатынаста салқындау;
  • білімді, ақыл-ойы жоғары;
  • жұмбақ жан - сырын да, жоспарларын да құпия ұстайды;
  • мақсатшыл;
  • кез келген адамның көзқарасын әп-сәтте өзгертіп, өз ой-пікірін мақұлдата алады.

(Суреттер ашық дереккөздерден алынды)


Дайындаған: Ж. Нұрабайқызы,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


ТЕТА-хилинг - ЖҮКТІ болуға да көмектесетін әдіс


Сәтсіздікті ЖОЮдың ең нәтижелі ӘДІСІ

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет