ТЕТА-хилинг - ЖҮКТІ болуға да көмектесетін әдіс

0
3 916

Бұл бүгінде әлем бойынша сауықтырудың ең танымал тәсілдерінің бірі.


ТЕТА-хилинг - ЖҮКТІ болуға да көмектесетін әдіс

Бұл әдіс арқылы кез келген адам денсаулығындағы кінәраттарды, сонымен бірге өмірін бақытсыздықтан, қайғы-мұңнан, зиянды адамдардан, күйзелістен сауықтыра алады. Өйткені тета-хилинг адамның физикалық, эмоциональды және рухани дене қабаттарын тазартатын, ғарыштың қуатымен байланыстыратын тәсіл. Тағы бір артықшылығы – түпсанаңыздың есігін де осы әдіс көмегімен ашуға болады.


Авторы КІМ?

Сауықтыру техникасын орындауға кіріспес бұрын, тета-хилинг авторымен, атауының ұғымымен таныс болған дұрыс-ақ.

Бұл әдістің авторы – американдық Вианна Стайбл. Ол рак аурына шалдығып, дәрігерлер аяғын кесуден басқа жолдың жоқ екенін айтқанда, тета-қалыпта жатып өзін-өзі емдей білген әйел. Дәрігерлер емделмейді деген рак ауруын тета-қалыптың көмегімен түбегейлі жоя білгеннен соң Вианна Стайбл түпсанадағы бағдарламалар арқылы барлық дерттен сауығуға болатынын қалың жұртқа үйрете бастаған. Қазіргі уақытта Вианнаның Тета-сауығу әдісі әлемдегі 28 елде қолданыста.



Тета-хилинг деген НЕ?

Тета-хилинг – ағылшын тілінен аударғанда «тета-сауығу» деген мағынаны білдіреді. Мұндағы «тета» сөзі ми толқындарының жұмыс істеу жиілігін анықтайтын термин.

Адамның ми толқындары 5 түрлі жиілікте жұмыс істейді. Тета толқындары туралытүсінікті қалыптастыру үшін ми толқындарының 4 түрі жөнінде білсеңіз жеткілікті. Олар:

1-жиілік: Бета.

2-жиілік: Альфа.

3-жиілік: Тета.

4-жиілік: Дельта.

Бета толқындар – алғашқы ми толқыны. Адам ояу кезде және ақыл-ой мен физикалық белсенділікпен айналысқан кезде пайда болады. Психикалық процестерге қатысады.


Дельта толқындар – соңғы ми толқыны. Ең баяу, терең түрі. Дельта толқындары ұйқының 3 немесе 4 сатысында пайда болады. Олар терең ұйқы кезінде ағзаны қалпына келтіру, гормондардың бөліну процестеріне қатысады.


Альфа толқындар – ояу кезде көзді жұмғанда белсенді жұмыс істейтін толқындар.


Тета толқындар – адамның ең қатты босаңсу, терең босаңсуы кезінде пайда болады. Мысалы, сіз қалғып кеттіңіз, ұйықтап жатқан секілдісіз, бірақ бәрін біліп жатырсыз, бейсана түрінде ояусыз.

Міне, осы қалып – Тета-қалып. Мидың осы қалпын ағзаны, жанды реніштерден, терең жаралардан, кеселдерден сауықтырып тазалауға пайдалана білу керек.


Тета-қалыпта сауығу жылдам жүреді

Дерттен, бақытсыздықтан, жоқшылықтан, қайғы-мұңнан сауыққыңыз келсе, тета-қалыпты қалт жіберіп аламңыз. Тіпті қаржылық қиындық, отбасындағы керіс себептерін де тета-қалыпта анықтап, оңай реттеуге болады дейді мамандар. Өйткені тета-қалыпта түпсананың есігі ашылады. Түпсанаға «кіріп», ондағы бағдарламаларды ауыстыруға, қажет еместерін өшіруге болады. Қалай?


ҚАЛАЙ орындалады?

Тета-қалып кезінде орындау керек. Мәселеңізді ойлап, ол туралы сұрақ қоясыз және шынайы түрде жауап беріңіз.


БІРІНШІ ҚАДАМ: Сұрақ-жауап арқылы мәселе түбірін анықтау

Бұл қалыпта сіз өзіңіз күтпеген жауаптарды аласыз. Және бұл дұрыс жауап. Бұл жауаптар арқылы мәселеңіздің түбіріне бойлай аласыз. Ал кез келген мәселенің түбірі табылса, оны шешу де оңай.

Мысал: 28 жасар қыз тета-қалыпта өзіне жүргізген сұрақ-жауабын былай әңгімеледі.

- Егер сен тұрмысқа шықсаң, қандай мәселе туындауы мүмкін?

- Мен бақытты болатыныма сенем, бірақ көп ұзамай ажырасып кетем-ау...

- Неге олай ойлайсың?

- Өйткені менің анам да ажырасқан. Анамның анасы да ажырасқан екен.

Міне, оның оң жақта отырып қалуының алғашқы себебі табылды. Ол тұрмысқа шығудан емес, ажырасып кетуден қорқады. Оның ойынша бұл генетикалық мәселе.


ЕКІНШІ ҚАДАМ: Түсінікті ауыстыру, өзгерту

«Тұрмысқа шыққаннан соң ажырасып кетем-ау» деген түсінікті «Мен өмірлік жарыммен бақытты да ұзақ, қартайғанша бірге өмір сүре аламын» дегенге ауыстыру керек. Өзіңізбен өзіңіз келісіңіз. Некеңіздің ғұмыры ұзақ болатынына сеніңіз. «Мен тұрмысқа шығып, некемнің берік болуына келісім берем» деп айтыңыз. Тета-қалыпта сезім физикалық, нейрондық деңгейде жасушаларға әсер етеді. Сондықтан да түсінікті өзгерткенде шынымен бақытты болатыныңызға сеніп, бақытты сезіне білу маңызды.


ҮШІНШІ ҚАДАМ: Сенім, сену.

Тета-қалыпта адам медитативті жағдайда болады. Ал медитация кезінде адам ғарышпен, жоғары күшпен байланысады. Бақытты болатынына сеніп сезінгенде, бағдарлама түпсанаға бекіп орнатылады.


Міне, осы мысалға қарап отырып, әркім өз мәселесінің түйінін тауып, шешуіне болады. Бастапқыда тета-қалыпқа түсу, тета-хилинг техникасын орындау түсініксіздеу болар, қиындық тудырар. Бірақ қайталап орындай берсеңіз жаттығасыз.


Ұлы Ошо «Барлық проблема – басымызда» деген. Ал тета-хилинг тәсілі басыңыздағы ой-тұжырымдарыңызды, түсінігіңізді ауыстыру арқылы барлық проблемаларыңыздан тазарта алады. Қолданып, нәтижесімен бөлісіңіз.

(Суреттер ашық дереккөздерден алынды)

Жазира СМАҒҰЛОВА,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


УАҚЫТ жеткізе алмай жүрсіз бе? "ПОМИДОР" әдісін қолданыңыз


АУРУ мен ПРОБЛЕМАНЫ азайтатын ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДИЕТА