Сәтсіздікті ЖОЮдың ең нәтижелі ӘДІСІ

0
3 445

Нәтижесін 5 минутта байқайсыз. Сенбесеңіз орындап көріңіз!


Сәтсіздікті ЖОЮдың ең нәтижелі ӘДІСІ

Сәтсіздіктің себебі де, оны болдырмаудың жолы да көп. Ең оңай әрі нәтижесін 5 минутта байқалатын бір әдісін байқап көрсеңіз болады.


Бұл туралы қаншама ғасыр бұрын-ақ даналарымыз айтып қалдырған. Иә, дана қазақ «Жақсы сөз – жарым ырыс» десе, есімі әлемге белгілі рухани ұстаздар «Не туралы көп ойласаң – сол болады» деген. Қазіргі психологтар да «өзіңді қалай қабылдасаң, айналаңдағы адамдар да солай қабылдайды» деп айтып жүр. Бұл рас!

Тұжырымдардың растығына көз жеткізу үшін ең алғашқылардың бірі боп ағылшын психологы, криминалистика саласына саусақ іздері арқылы қылмыскерді іздеу әдісін енгізген ғалым Фрэнсис Гальтон мынандай сынақ жасап көрген.



Психологтың сынағы

Психолог Фрэнсис Гальтон бір күні таңертең айна алдында тұрып, өзіне-өзі: «Мен Англиядағы ең жаман адаммын. Мен ұсқынсызбын» деп бірнеше рет қайталайды. Осыдан соң көшеге шығады.

Фрэнсис Гальтон айналасындағы адамдардың реакциясын, көзқарасын бақылап жүріп келе жатқанда қарсы алдынан шыққан бір адам айнала қашса, келесі бір адам жиіркенішті көзбен қарайды. Ал қасынан өтіп бара жатқан қария таяғын алып ұрмақ боп ұмтылады. Тағы бір әжей жаман сөздерін арнайды.

«Мені соншалықты жек көретіндей мен бұл адамдарға не істеп қойдым? Жазығым не? Расында да, адам өзін ұсқынсызға баласа, ең жаман адамға теңесе бәрі оны дәл солай қабылдайды екен ғой» деп, сынақ нәтижесін қағазға түсірмек боп үйіне қарай асығады.

Үйіне жақындай бергенде етжеңді келген бір әйел бұны итеріп жібереді де «Көзіңе қарамайсың ба?» деп ұрса жөнеледі. Осы мезетте бір кішкентай бала қалтасындағы әмиянын алып қашады.

Ақшасын алып қашқан баланың соңынан қуалап келе жатқанда қарсы алдынан атты адам шыға келіп соғысады. Ат осқырынып барып ағашқа соғысады. Ол уақытта Лондонның көшелерінде атты адамдар көп жүретін.

Фрэнсис Гальтон орнынан әрең тұрғанда айналасындағы адамдардың «Атқа обал болды-ау. Ат жарақат алмапты ма?» дегенін естиді. Көпшілік жылқыны аяп, ал аяғы сынған Гальтонды айыптап кінәлап жатыр.

«Менің өмірімнен жануардың жағдайы артық болғаны ма? Шынында жұрт мені Англиядағы ең жаман адамға теңеп жатыр. Мен айна алдында тұрып айтқан өзім туралы сөзімді ешкім естіген жоқ еді ғой» деп таңқалады. Ақсаңдап үйіне жеткен Ф. Гальтон айна алдына келіп ойланып біраз отырады да «Ой – ғаламат күшке ие. Ол басқалардың ойын әп-сәтте өзгерте алады. Демек, өзің туралы ойың өз өміріңді де өзгертеді» деп жазады.


Ф. Гальтонның өз тәжірибесінде сынап көрген мұндай зерттеулері көп. Бәрінде де ол «Өзін басқалардан төмен санау, өзін үнемі жазғыру, өзін жек көру – барлық сәтсіздік пен бақытсыздықтың бастауы» деп жазады.


БҰЛ СӨЗДІ АЙТПАЙ КӨШЕГЕ ШЫҚПАҢЫЗ

Психологтың сынағын сіз де қайталап көрсеңіз болады. Бірақ Гальтонның айтқан сөздерін емес, өзгертіңіз. Күнде үйден шығардан бұрын айна алдына барып өз-өзіңізге қарап: «Мен Қазақстандағы ең бақытты адаммын. Мен сұлумын. Мен жолы болғыш жанмын. Менің әрбір күнім сәттілікке толы. Мен өзімді жақсы көремін» деп қайталаңыз. Нәтижесін сол күні-ақ көресіз.

Жалпы, мұндай жағымды аффирмацияларды айтуды бір ай бойы үзбей қайталасаңыз, өміріңіздегі сәтсіздіктер жойылады.


Есте ұстаңыз: Адам өзіне сенімді болса, басқалар да оған сенім артады. Өзіңізді үнемі алдайтын болсаңыз, басқалар да сізге сенімсіздікпен қарайды. Өзіңізді сұлумын десең, айналаңыздағы адамдар да «өте сұлу» деп тамсанады. Бақыттымын десеңіз, расында бақытты боласыз. Ал үнемі өзіңізге көңіліңіз толмай, жолы болмайтын, жаман адамға баласаңыз, Гальтонның сынағындағыдай сізді де біреу таяғымен ұрады, былапыт сөз естисіз, ақшаңызды ұрлатасыз, құлайсыз, әйтеуір жолыңыздан кедергілер шыға беретін болады.


Әрқашан өзіңіз туралы жақсы ойлап, әрдайым өзіңізді жоғары бағалаңыз. Өміріңіздегі барлық сәттілік осыдан басталады.

(Суреттер ашық дереккөздерден алынды)


Жазира СМАҒҰЛОВА,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


УАҚЫТ жеткізе алмай жүрсіз бе? "ПОМИДОР" әдісін қолданыңыз


АУРУ мен ПРОБЛЕМАНЫ азайтатын ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДИЕТА


КҮЙЕУІҢІЗДІ өзгерткіңіз келсе ОСЫ әдісті қолданыңыз