КҮЙЕУІН АЯЙТЫН ӘЙЕЛ оны мықты етпейді, ӘЛСІРЕТЕДІ

0
2 219

Қарым-қатынас қандай себептерден бұзылады?


КҮЙЕУІН АЯЙТЫН ӘЙЕЛ оны мықты етпейді, ӘЛСІРЕТЕДІ

фото: ВКонтакте

Ажырасу - трагедия. Бұл отбасылық өмірдің бастапқы екі-үш жылында ғана орыналмайды. Ерлі-зайыпты адамдар бір-бірінің мінезіне шыдамай, арада түсініспеушілік туындаған кезде қарым-қатынас бұзылып, соңы ажырасумен аяқталып жатқан жағдайлар өте көп.

Бірақ ерлі-зайыптылар некелескеннен кейін бір-екі жылдың көлемінде немесе асып кетсе бес жылға дейін бір-біріне шыдауы мүмкін, бірақ қарым-қатынастың бұзылуы бес жылға созылғанда сөзсіз ажырасады деген сөзге де сену қиын.

Себебі, 10-20 жыл бойы бірге өмір сүріп, балалары есейіп қалған шақта ажырасып жатқан ерлі-зайыптылар да бар. Ажырасуға басты себеп қарым-қатынастағы мына ҚАТЕЛІКТЕР:


СӨЙЛЕСПЕУ

Қарым-қатынас - екі жақты жұмыс. Жұмысты талқыламасаңыз қалай жасалу керектігін түсіне алмайсыз. Яғни, күнделікті тұрмыстағы жағдайлардан бастап, ішкі мазасыздығыңыз бен сезімге дейін бәрін айту керек.

Бірдеңе ұнамады ма?

Бұл туралы да ашық сөйлесіңіз. Эмоциямен, қимылыңызбен емес, сөзбен, сөйлеумен. Әйтпесе, айтылмаған сөздер жылдар бойы іште жиналып-жиналып, бір күні жарылады. Ал мұның соңы әлбетте ажырасуға жеткізетін бірден-бір жол.


АЯУ, ҚҰТҚАРУ

Көптеген әйелдерге тән қателік – аяушылық сезімінің керекті-керексіз жерде «оянуы». Аяушылық кез-келген адамды әлсіз адамға айналдыратынын ескерсек, аяу арқылы сіз күйеуіңізді әлсіз адамға айналдырып жатырсыз.

Күйеуіңізді аяп, оны қиындықтан «құтқарамын» деп ойлайсыз да, соңынан одан рақмет күтесіз. Бірақ, сіз одан алғыс алмақ түгілі, осы әрекетіңізбен оның ештеңеге қабілетсіз екендігін көрсетіп, қорлап жатқаныңызды түсінбейсіз. Күйеуіңіз үшін барлығын жасауға тырысып, жауапкершіліктің өз мойныңызға өткенін де байқамауыңыз мүмкін.

Сіздің осы қателігіңізден соң, ол алға қарай ұмтылуды, отбасы үшін бірдеңеге қол жеткізуді тоқтатады. Арадағы ұрыс-керіс осындайдан да туындайды.


фото: stan.kz

ТӨЗУ, ШЫДАУ

Генетикалық тұрғыдан алып қарағанда да біз төзімдіміз, шыдамдылық қасиетті де жоғары бағалаймыз. «Сабыр түбі- сары алтын» деп өзімізді жұбатамыз.

Бірақ мына өмір тым қысқа. Ерте ме, кеш пе бәрі аяқталатын уақыт келеді. Сондықтан, асыра сілтеп, көніп жүре беруге болмайды.

Көкейіңдегі ойды АЙТ! ТАЛАП ҚОЙ! ШЕШІМІН ТАП! Шешілмейтін түйін жоқ.


«МІНДЕТТІ» БӨЛІСПЕУ

Барлығын бір адамға жүктеп қойған дұрыс емес, ерлі-зайыптылар жауапкершілікті теңдей бөлісіп, бірге жұмыс істеген жақсырақ. Ер адамға да, әйелге де жауапкершілік қажет. Жауапкершілік адам бойындағы басқа да жақсы қасиеттерді оятады.

Жауапкершілікті сезіну адамға байсалдылық, кемел ойлылық және түсінік-танымның кеңеюіне жетелейді.

Бір ғана адам көтере алмайтын жүкті екеулеп көтерсе, мәселені шешу жеңілірек болмақ.


АТА-АНАҒА ТӘУЕЛДІЛІК

Күйеуіне де, әйеліне де қатысты. Ерлі-зайыптылардың ортасында туындаған кішігірім мәселелерге екі жақтың да ата-аналарын араластырудың қажеті жоқ. Отбасы болған жерде ыдыс-аяқтың сылдыры міндетті түрде естіледі. Сондықтан, екеуіңіз де өмірге деген көзқарасы қалыптасқан ересек адам ретінде ашық сөйлесіп, мәселенің жібін тарқатыңыз.

Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


«ЕСЕЙМЕГЕН» ата-ана деген кім?


Психологиялық қысымға ТӨТЕП БЕРЕ АЛАСЫЗ БА?