​Неліктен тозған затты пайдалануға болмайды?

0
2 341

Ескі заттан ертерек құтылыңыз! Өйткені...


​Неліктен тозған затты пайдалануға болмайды?

Фото: ашық дереккөзден алынды

Біреу жаңа көйлек алса, «Үстіңде тозсын» деп тілек айтамыз. Жаңа бұйым сыйлап тұрып «Игілігіңе ұстап тоздыр» дейміз. «Мә, мынау менің камзолым, киіп тоздырып таста. Тоздырып киген сауап» дейді әжелеріміз.

Дұрыс-ақ. Алайда әбден тозығы жетіп үліңгі боп қалған төсекжаймасын жаңаламайтын әйел көп. «Бастысы, таза болу керек» деп жуа бергеннен түсі оңып ескіріп кетсе де бір халатын үстінен тастамайтын жеңгелер бар. «Тұрмысқа шыққанымда әке-шешем берген шифонер ғой» деп, 30-40 жыл ұсталған, есіктері қирап қалған жарамсыз бұйымды үйінің бір бұрышында немесе қоймасында сақтап жүргендер де жоқ емес. Бұл дұрыс па, бұрыс па?

Әрине дұрыс емес дейді психологтар мен экзотерика мамандары және кәсіпкерлер. Неге? Өйткені бұл адамның ойын да, аяқ-қолын да тұсаулап тастайды, яғни бір орында тұралатып қояды екен. Қалай дейсіз бе?



Біріншіден...

Әр заттың еске түсірер естелігі болады. Жағымды немесе жағымсыз болса да оны көрген сайын өткен шаққа ойша орала бересіз. Ал өткен шақты жиі еске алу болашаққа батыл қадам жасауға кедергісін тигізеді, ойыңыз сол шақта қалып қояды. Бұл жөнінде экзотериктер «Өміріңізді жаңа парақтан бастағыңыз келсе, ескіні өртеңіз» дейді.

Сондай-ақ психологтар ескі затты қоқысқа апарып тастай алмау – тәуекелге бара алмау деп түсіндіреді. Ал батыл адамдарға ортақ қасиеттердің бірі – тәуекел.



Екіншіден...

Пайдалануға жарап тұрған ескі затты қолданып жүрген адам жаңасын алмайды. Ол әдемі әрі жаңа заттың ләззатын сезіне алмайды. Сөйтеді де өмірі «баяғы жартас – сол жартас» боп өте береді.

Жалпы, жаңа заттың энергетикасы басқаша болады. Кез келген жаңа зат адамға ерекше эмоция сыйлайды. Жаңа технологиялық заттың мүмкіндіктерін көрген адам одан да жақсысын алуға ұмтылады. Яғни, ол көбірек табыс табуға тырысады. Қосымша табыс көздерін іздейді. Бір ауыз сөзбен айтқанда, жаңа, соңғы үлгідегі немесе сәнді бұйым адамға мотивация береді дейді кәсіпкерлер.



Үшіншіден...

Тозған заттар адамның ойлау қабілетінің дамуына кері әсер етеді. Ол автоматты түрде кедей адамша ойлайтын болады: «Маған осы да болады», «Бұған да шүкір», «Қанағат» т.б.

Мысалы, бұдан бірнеше жыл бұрын ұялы телефондар қандай еді? Иә, түймелі. Әлі күнге дейін түймелі телефон ұстап жүрген адам мен сенсорлы телефон пайдаланатын адамды салыстырып көріңізші. Біріншісі интернетті қолдануды білмейді, үйренуге тырыспайды. Ал екіншісі шалғайдағы ағайынымен видеоқоңырау арқылы сөйлесуді, коммуналдық қарыздарды үйден шықпай-ақ төлеуді, дәрігерге онлайн жазылуды меңгеріп алады. Қажетті мәліметті де интернеттен тауып, өзін-өзі дамытып отыруға ұмтылады.



Төртіншіден...

Мына ғаламда барлығы табиғат заңына бағынады. Ал табиғатта айналым деген заң бар. Яғни ескі нәрсенің орнын жаңасы алмастырып (қозғалыста) отырғанда ғана алға жылжу, даму, өзгеріс болады.

Мысал: адам терісіндегі ескірген жасушаның орнын жаңасы алмастырады. Сол сияқты ағаш жапырақтары өз «миссиясын» орындаған соң мезгілі жеткенде үзіліп жерге түсіп, келер жылғы жапырақтарға орын береді. Егер ескі жапырақтар түспесе, жаңа жапырақтар қайдан өніп шығады?

Айналым заңына қатысты экзотериктер былай дейді: «Жаңа бұйым қаласаңыз, ескісінен құтылыңыз. Орын болмаса оған ие болмайсыз». Ал қытай халқы «Ескі кетпесе, жаңа келмейді» дейді.


Қалай десек те, ескірген, тозығы жеткен бұйымды қолданудың пайдасы жоқ. Ескіні үйіңізден де, ойыңыздан да шығарып тастаңыз!

Ж. Нұрабайқызы,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:

Әр бала білуі тиіс 4 ақиқат

Еркектер МЫНАНДАЙ ӘЙЕЛМЕН өмір сүргісі келеді