Еркектер МЫНАНДАЙ ӘЙЕЛМЕН өмір сүргісі келеді

0
2 233

Ал сіз қандай әйелсіз?


Еркектер МЫНАНДАЙ ӘЙЕЛМЕН өмір сүргісі келеді

фото: webpulse.imgsmail.ru

Отбасы құрарда кім кімді таңдайды? Бұл сұрақ еркектер мен әйелдер арасында талас тудыратыны анық.

Қыз-келіншектер «Қыз сүйгенін, жігіт тигенін таңдайды», «Егер мен келісімімді бермесем, ол маған үйлене алмайды», «Алып-қашып кетсе де, қыз көнбесе ешкім оны қинап алып қала алмайды» дейді. Ал еркектер не дейді?

Олар «Қыз қанша жерден сүйіп тұрса да жігіт оны қаламаса, үйленбейді» деген пікірде. Әрине, екі жақты келісім және сүйіспеншілік болғанда ғана некелік одақ құрылады. Десек те отбасы құрарда соңғы шешімді еркек қабылдайтыны белгілі. Ал олар өмірлік жар ретінде қандай әйелді таңдайды?

Бұл туралы психологтар сауалнама жүргізген екен. Нәтижесінде бүкіл еркекке ұнайтын әйелдің 2 типі анықталыпты.



Жайлы

Халықта «сұлу сүймекке, мінезі жайлы өмір сүрмекке жақсы» деген сөз бар. Адам бір күн, бір ай емес, мәңгі бірге өмір сүретін серігінің ең бірінші мінезінің жайлылығына көңіл аударады.

Психологтар еркектің жар таңдауын киім таңдауға ұқсатады. Иә, «сұлуынан жылуы жақсы» демей ме, сол сияқты. Мысалы, той-томалаққа, отырыстарға барарда жұртты таңқалдыру, олардың қызығушылығын ояту үшін киімнің ең қымбатын, сәндісін, соңғы үлгідегісін сатып аласыз. Тіпті кейде көйлекті бір күнге «прокатқа» аласыз, өйткені ары қарай ол қажетсіз. Сондай-ақ ол киіммен екі-үш сағаттан артық жүре алмайсыз. Үйге келе салып шешіп тастағанша асығасыз. Солай ма?

Ал үйге арналған киім ше? Үйінде денесін қысып тұратын, тынысты тарылтатын, жағасы бар киіммен жүретіндер кемде-кем. Үйге киетін киімді сәнге емес, ыңғайлылығына, ауа өткізгіштігіне, сапасына қарай таңдайсыз. Өйткені үй – әр адамның демалатын, өзін еркін ұстайтын, қуаттанатын ең жайлы, жылы, құрмет пен сүйіспеншілікке бөленетін мекені. Сол мекенде жаны тыныштық табу үшін өзінің мінез-құлқына, өмір сүру салтына сәйкес келетін, таным түсінігі ұқсас өзіне ыңғайлы адамды іздейді. Әрине бұл көнбіс, жуас дегенді білдірмейді.

Олай болса, қасыңызды күзеп, ерніңізді бояп, сыртыңызға уақыт бөле бергенше, ішкі жай-күйіңіз бен мінезіңізді де түзеуді ұмытпаңыз.



Позитивті

Адамға армандарына бірге қол ұстасып жететін, жалындаған жастықтан мамыражай қарттық кезеңге бірге баратын өмірлік серік керек. Ал өткен шаққа тіреліп, болашаққа қадам басуға қорқып, өзі түңіліп, өзгені түңілдіріп отыратын адам кімге қажет?

Қарапайым мысал, әр нәрседен тек негатив көретін әріптеспен бір кабинетте отыра аласыз ба? Жұмыс болған соң амал жоқ 6-7 сағат шыдауға болады. Ал осындай адаммен өмір бойы бірге өмір сүру мүмкін бе?

Өте қиын. Ол үшін мықты жүйке жүйесі қажет. Өйткені ондай адамның ойы да, әр сөзі де негативті болады. Өткен шаққа жиі оралып, өткенді қазбалағанды жақсы көреді. Қырық жыл бұрынғы сіздің немесе бауырларының, я болмаса ата-анасының қателігін еске сала береді.

Болмашыны бордай езіп, орнына қайтып келмейтін жағдайға мұңайып, үнемі түңіліп, уһілеп, пайдасыз ойлармен шаршап отыратын жардан кім болса да бойын аулақ ұстауға тырысады. Өйткені мұндай адамның негативті энергиясы айналасына әсер етпей қоймайды. Сондай-ақ жыл өткен сайын бұндай әйелдің ойы да, түрі де «шаршайды».

Ендеше, ең бірінші өткен шаққа бара беруді доғарыңыз. «Әр нәрсенің қайыры бар» деп, сәтсіздікті сол қалпында қабылдап үйреніңіз. Көп әрі ұзақ ойлануды, өмірге тым салмақты қарауды тоқтатыңыз.


Байқасаңыз, әйелдің бұл екі типі де еркекке жан тыныштығын сыйлайды. Ал бақыт – жан тыныштығында!

Ж. Нұрабайқызы,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:

Жалғыздықтан құтылу үшін МЫНА ТӨРТЕУІН өзгертіңіз

Өзіне сенімді баланы тәрбиелеудің 4 жолы