​Үйде отырған әйелдердің 2 ҚАТЕЛІГІ

0
3 730

Осы екі қателікті түзегенде отбасындағы әйелге өзгелердің қарым-қатынасы да өзгереді екен.


​Үйде отырған әйелдердің 2 ҚАТЕЛІГІ

Әйелдердің көпшілігі карантин уақытында күйеуі мен балаларының өзіне деген шын бағасын біліп жатқан болар?! Бұны олардың қарым-қатынасынан байқау қиын емес.


Ал психологтар әйелдің бақыты перзент пен жардың құрметімен, қажет етуімен өлшенеді дейді. Осы орайда психологтар мынандай қарапайым сауалнама жүргізіп көріпті.

Өмір сүру салты, түсінігі мен ұлты әр түрлі жүз шақты әйелге «Бақыттысыз ба?» деген сұрақ қойған. Барлығы ойланбастан «Бақыттымын» деп жауап берген. Ал «Әйел ретінде бақыттысыз ба? Ана ретінде ше?» деп сұрағанда, 80 пайызы кідіріп ойланып қалған. Соңынан «Иә-иә, әрине» деп жауап қайтарған.

Сіз ше, осы екі сұраққа жауап беріңізші. Сізді ешкім видеоға түсіріп тұрған жоқ, сондықтан жауабыңыз шынайы болсын. Егер екі сұраққа да «Бақыттымын» деп кідірместен жауап берсеңіз, құттықтаймыз, күйеуіңіз де, балаларыңыз да сізді жоғары бағалайды. Ал егер жауабыңыз «Иә», «Әрине» немесе «Шүкір» болса, онда отбасындағы бағаңыз орташа, не төмен болғаны.



НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?


Психологтар мынандай екі қате түсінікті өзгертіңіз деп кеңес береді.


Бірінші қателік: «Әйел бала туып, үйді таза ұстап, дәмді ас даярлай білсе жетеді» деп ойлайды әйелдің көбісі...

Алайда осындай түсініктегі әйелдер карантин уақытында перзентінен «Мама, сіз бұны білмейсіз. Тамағыңызды істей беріңізші, әкемнен сұрап алам қазір», «Әке, ата-аналар чатына өзіңіз тіркеліңізші, анам бәрімен ұрысып бітті» дегенді жиі естіп жатқаны анық.

Сонымен бірге күйеуінен «Карантин ертерек аяқталса екен, күні бойы жұмыста болғаным жақсы екен ғой. Ұрсудан басқа ешнәрсе білмейсің» дегенді аракідік естіп, жаны жабырқап жатқаны белгілі.


Қандай адам жиі ұрысады? Психологтардың пікіріне сүйенсек, «білмейтін адам» ұрысқақ келеді екен. Түсіне алмаған кезде, дұрыс жауап таппағанда, ұқпағанда адам ұрысты қару, қалқан ретінде пайдаланатын көрінеді. Бұған бір дәлел, қашықтан оқытуға байланысты, 42500 теңгеге қатысты чаттарда көпшілікпен ұрысып жатқандар интернетті, заңды білмейтін әйелдер.

КЕҢЕС: Заман ағымына сай интернетті меңгеріңіз. Әлеуметтік желілерге тіркеліңіз. Еліміздегі соңғы жаңалықтарды ұғынықты жеткізетін ernurinfo, komek.turleri, gulnur_nurlanqyzy секілді инстаграм парақшаларын күніне бір рет парақтап қойыңыз. Инстаграмдағы тегін марафондарға қатысыңыз. Іздеген адамға интернетте пайдалы ақпарат та, кеңес те көп.

Біліміңізді жетілдіріп, өзіңізді рухани дамытуға уақыт арнамасаңыз, күйеумен де, ұл-қызыңызбен, тіпті чаттағы басқа ата-аналармен, құрбы-құрдастармен де сөзіңіз жарасым таппайды.

Ең қорқыныштысы, бірте-бірте күйеуіңіз достарының отырысына, ал перзенттеріңіз ата-аналар жиналысына барғаныңызды қаламайтын болады.



Екінші қателік: «Әйел барлық мейір-махаббатын отбасына арнау керек» деген түсінікпен өмір сүріп жатқандар көп.

Дұрыс-ақ. Бірақ психологтар «барлық» деген сөзді «көп» деген сөзбен алмастыруға кеңес береді. Әйел барлық сүйіспеншілігін күйеуі мен балаларына бөлсе, өзіне ешнәрсе қалмайды. Сонымен қатар мейір-махаббаты толық отбасы мүшелері оның бастауының қадірін білмейді, елемейді де.

Мысалы, сізде бәрі жеткілікті болса құдайды еске аласыз ба? Жоқ! Дәл сол сияқты әйел махаббатын шектен тыс арнағанда күйеу мен ұл-қыз анасының назарын, мейірімін қажет етпейді. Сондықтан да әйел сүйіспеншілігі мен уақытының бір бөлігін өзіне арнауы қажет. Әркімнің жеке өмірі болады, оны отбасымен, бала-шағамен, күйеумен, туған-туыспен шатастырып алмау керек дейді психолог мамандар.


Осы екі қателікті түзегенде отбасындағы әйелге өзгелердің қарым-қатынасы да өзгереді екен. Қалай өзгеретінін білгіңіз келсе, дәл қазір 2 сағат уақытыңызды «Инглиш-Винглиш» фильмін көруге арнаңыз. Фильм екі сағат ішінде-ақ ойыңызды өзгертетініне сенімдіміз.

Фильмнен аалған әсеріңізді комментарийде жазып бөлісуді ұмытпаңыз.

(Суреттер ашық дереккөздерден алынды)


Ж. Нұрабайқызы,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


БАЛАҒАТ СӨЗ жеті ұрпағыңыздың өмірін бүлдіреді


ҚАШЫҚТАН оқытатын МҰҒАЛІМ үшін ЕҢ КЕРЕК кеңес