АДАМ ТҰРМАЙТЫН аралды жалғыз өзі «ЖҰМАҚҚА» АЙНАЛДЫРҒАН азамат

0
1 077

Бұл туралы толығырақ білгіңіз келсе, мақаланы соңына дейін оқып шығыңыз.


АДАМ ТҰРМАЙТЫН аралды жалғыз өзі «ЖҰМАҚҚА» АЙНАЛДЫРҒАН азамат

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Тірі жан аяқ баспаған аралды сатып алып, сонда жалғыз өмір сүріп, сол бір мекенді жердегі «жұмаққа» айналдыру мүмкін емес секілді көрінеді. Бірақ, олай емес. Себебі, британдық Брендон Гримшоу 60 жылдан астам уақыт бұрын дәл осылай жасаған. Ағылшын Брендон Гримшоу өз аралында 50 жыл өмір сүрген және аралды тіпті 50 миллион долларға сатудан бас тартқан. Бұл туралы толығырақ білгіңіз келсе, мақаланы соңына дейін оқып шығыңыз.


ЖАҢА РОБИНЗОН

Ағылшындық Брендон Гримшоу 40 жасында газет редакторы қызметін тастап, өмірін түбегейлі өзгертуге шешім қабылдаған ХХ ғасырдың азаматы. Өзгерткенде де, барлық адам тәнті боларлықтай әрекетке барған. Дәлірек айтсақ, ол 1962 жылы Сейшел аралдарынан Моенн деп аталатын кішкентай аралды сатып алады. Аралдың ұзындығы 480 метр болса, ені 300 метрді құраған. Брендон Гримшоу Үнді мұхитының ортасындағы адам аяқ баспайтын жер үшін 13 мың доллар төлеп, толық иесі атанады.

Брендон пайда болғанға дейін бұл арал соңғы 50 жыл бойы қаңырап бос тұрған және шөп басып, топырағы көрінбей қалған. Тіпті, бастапқыда Брендон аралдың кейбір бөліктеріне өте алмай, су арқылы жүзіп жеткен екен. Неігізі Брендон Гримшоудың жоспары бойынша, ол бұл аралда жалғыз өзі болуы керек еді. Бірақ, өмірдің заңы бойынша ол өзіне көмекші тапқан. Рене Лафортен атты азамат біз айтып отырған «Робинзон» үшін «Жұма» болған десек те қателеспейміз. Сөйтіп, Рене Брендонға аралды игеруге және үйін жақсартуға көмектескен. Алайда, оның «Жұмадан» айырмашылығы – ол аралда өмір сүрмеген, кейде ғана келіп-кетіп тұрған.


ҚАРАУСЫЗ ҚАЛҒАН АРАЛДЫ ТУРИСТІК АЙМАҚҚА АЙНАЛДЫРҒАН

Осылайша Брендон Гримшоу мен Рене Лафортен Мойенн аралын адам танымастай етіп өзгерткен. Олар шамамен 16 мың түп ағаш отырғызып, жалпы ұзындығы 5 шақырым болатын көптеген жолдарды жабдықтаған. Өкінішке қарай, 2007 жылы Рене Лафортен қайтыс болып, ал сексен жастағы қарт Брендон аралда жалғыз қалады. Сонда да тоқтамаған Брендон Гримшоу аралдағы фаунаның санын едәуір көбейтіп, оның орасан еңбегінің арқасында аралда құстардың екі мыңға жуық түрі және жүздеген сирек кездесетін алып тасбақалар пайда болған.

Аңыздар бойынша, бір уақыттарда бұл аралда қарақшылар өз қазыналарын көмген екен. Бірақ, Брендон Гримшоу аралдан алтын таппады, есесіне аралдың өзін қазынаға айналдырды. Тиісінше, бір кездері Сауд Арабиясының ханзадасы Мойенн аралы үшін 50 миллион доллар беруге дайын болған. Алайда, Брендон бұл ұсынысты қабылдамаған.


2008 жылы Брендон Гримшоу аралына қорық мәртебесі берілген. Бүгінде Мойенн аралы Сент-Анн Ұлттық теңіз саябағының бір бөлігі болып саналады.


Брендонға журналистер өте жиі баратын болған. Бірде ол өзіне қойылған «Өзіңізді жалғыз сезінген кезіңіз болды ма?» деген сұраққа: «Иә, бір рет. Мен ол кезде Лондонда бөлме жалдадым» - деп жауап беріпті.

Тіпті, кейбіреулері оның таңғажайып оқиғасы туралы деректі фильм де түсірген.


Брендон Гримшоу қайтыс болғанға дейін денсаулығы мықты, шымыр болған екен. Оған аралдағы белсенді өмірдің әсері мол болған деседі. Тарихи тұлға соңғы 50 жыл өмірін жағажайда тұратын теңіз тасбақаларымен және көптеген құстармен бірге өткізген. Сонымен бірге, оның жанында өзімен бірге әкелген бірнеше иті болған.


Осылайша, уақыт өте келе 2012 жылдың тамызында Брендон Гримшоу қайтыс болады. Дегенмен, оның еңбегі өзімен бірге өшпей, қазірге дейін бұл Сейшел аралы көптеген туристердің сүйікті орнына айналып келеді.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


73 жастағы ҚАЗАҚ АҚСАҚАЛЫ әлемді ЖАЯУ АРАЛАУҒА шықты


Өзін құрметтейтін әрбір саяхатшы ОСЫ ЕЛДЕРГЕ БАРУЫ ТИІС