Өзін құрметтейтін әрбір саяхатшы ОСЫ ЕЛДЕРГЕ БАРУЫ ТИІС

0
2 390

Туристер арасындағы ең танымал 8 ел.


Өзін құрметтейтін әрбір саяхатшы ОСЫ ЕЛДЕРГЕ БАРУЫ ТИІС

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Бүкіләлемдік зерттеулерге сәйкес, саяхатшылардың сұранысына ие елдердің тізімі бірнеше жылдан бері айтарлықтай өзгермей келеді. Туристердің пікірінше, бұл тізімнің басында тұрған елдерге қалай болса да, бір рет барып көру қажет екен. Ал, бұл айтып отырғанымыз қай елдер екенін осы мақаладан біле аласыздар.


Португалия

Егер, саяхатқа бірге баратын серік таба алмасаңыз, онда көңіл күйіңізді түсіріп, үмітіңізді үзбеңіз. Себебі, Еуропадағы Пиреней түбегінің оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан континентальды бұл мемлекет "соло" форматында демалуға өте ыңғайлы. Тиісінше, туристердің қауіпсіздігі үшін бәрі қарастырылған. Сонымен қатар, Португалия жайлылықты бағалайтын және өмірден ләззат алуды білетін адамдар үшін демалуға өте қолайлы. Бұл елдің көркем көшелерімен жай ғана серуендеу, салт-дәстүр мен тарихи мұраларға құрметпен қарау, жергілікті тағамдардың алуан түрлілігі және отбасылық құндылықтарға табыну адам жанына ерекше сезім сыйлайды.


Франция

Шыны керек, қазір ғашықтар еліне айналған және бүкіл әлемдегі сән үрдістерін белгілейтін елге көп адам саяхаттап бара қоймаған. Дегенмен, бұл елдегі жұмбақ әрі романтикалық атмосфера, тамаша тағамдар, таңғажайып сәулет, ЮНЕСКО-ның қорғауына алынған 37-ге жуық керемет Дүниежүзілік мұра нысандар және кез келген талғамға арналып жасалған жағдай кез келген туристке ұнайтыны анық. Одан бөлек, Альпі таулары мен тау шаңғысы курорттары, көркем жағажайлар, әдемі ауылдар, әсерлі саябақтар Францияға әлемдік туризм саласындағы көшбасшылық позицияны сақтауға мүмкіндік береді.


Испания

Жасыратыны жоқ, бұл елдің ұлттық жалпы ішкі өнімінің шамамен 11 пайызы туристік саланың кірісі болып саналады. Себебі, Испания Жерорта теңізі мен Атлант мұхитының жағалауындағы көркем курорттарымен ғана емес, көрікті жерлерімен, әдемі сәулетімен, дәмді тағамдарымен, көркем ұлттық саябақтарымен, қысқы спорт түрлерімен айналысатын нысандарымен және түнгі өмірді ұнататындарға арналған көптеген мекемелерімен танымал. Ал, осының барлығын көргіңіз келсе, аталған елге бір барып қайтыңыз.


Италия

Егер сіз дизайны әдемі киімдерге, жағымды саудаға, көпшіл тұлғаларға, ең әдемі сәулет нысандарына және өмірден алатын рухани азыққа шөліркеп жүрсеңіз, Италияға баруыңыз керек. Дәл осы елде ЮНЕСКО-ның қорғауына алынған 50 Дүниежүзілік мұра, көптеген мәдени жәдігерлер, Рим империясы мен Ренессанс дәуіріндегі археологиялық орындар, көркем жағажайлар мен қайта-қайта көргіңіз келе беретін ғаламат ортағасырлық ауылдар бар.


АҚШ

Нью-Йорк, Лос-Анджелес пен Лас-Вегасқа жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінен мыңдаған саяхатшылар табан тірейді. Олар тек казино мен Бродвейге ғана бас сұғып қоймай, сонымен қатар үлкен шатқалға, Гавайи жағажайларына және АҚШ жайлы жағымды ұғым қалыптастыратын түрлі іс-шараларға қызығушылық танытады. Мұнда әркім өзіне ұнайтын, бағасы да қолжетімді туристік бағыт пен ойын-сауықты таба алады.


Қытай

Сарапшылардың пайымдауынша, табиғи, мәдени және тарихи көрікті жерлерге бай бұл елге қызығатын туристер ағыны жыл сайын тек қана артып отырады. Яғни бірнеше жылдан кейін Қытай туризм саласындағы әлемдік көшбасшылардың біріне айналуы мүмкін. Қазірдің өзінде, аспан асты еліне жергілікті сұлулықты тамашалап, ең танымал көрікті жерлер мен сәулет ескерткіштерінің арасында серуендеугісі келетін саяхатшылар көптеп барып жатыр.


Ұлыбритания

Әлемге белгілі түрлі оқиғаларға толы тарихымен, таңғажайып мәдениетімен, көрікті жерлерімен, дәстүрлерді құрметтеуімен, жақсы ойластырылған инфрақұрылымымен және ойын-сауықтарымен танымал бұл ел «міндетті түрде бару керек» делінетін мемлекеттер рейтингінде жетекші орынға ие.


Нидерланды

Батыс Еуропада орналасқан материкті және Кариб теңізіндегі үш арал – Бонайр, Саба мен Синт Эстатиусты қамтитын бұл еуропалық мемлекет тек бизнес бастау немесе жүргізу үшін ғана емес, сонымен қатар, балаларды тәрбиелеу үшін де өте қолайлы. Нидерланды әйелдері өте азат өмір сүріп, отбасы мен жұмыс арасында еркін күн кешеді. Ал, ер азаматтар ең алдымен отбасына ерекше көңіл бөліп, кез келген үлкенді-кішілі мәселелерді шешуге бейім келеді. Яғни, көптеген саяхатшылар бұл елдің сұлулығына тамсанып қана қоймай, бойындағы отбасылық құндылықтарды да арттырып қайтады екен.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ЕҢ КӨП ЖАЛАҚЫ қай елде төленетінін БІЛЕСІЗ БЕ? Қазақстан рейтингтің соңында


73 жастағы ҚАЗАҚ АҚСАҚАЛЫ әлемді ЖАЯУ АРАЛАУҒА шықты