ЕҢ КӨП ЖАЛАҚЫ қай елде төленетінін БІЛЕСІЗ БЕ? Қазақстан рейтингтің соңында

0
4 499

Орташа жалақы мөлшері елдерге және олардың экономикасына байланысты.


ЕҢ КӨП ЖАЛАҚЫ қай елде төленетінін БІЛЕСІЗ БЕ? Қазақстан рейтингтің соңында

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Қазір кей адамдар мол табысқа қол жеткізу үшін шекара асып, еңбек етуге де даяр. Ал, осындай шешімге келген жағдайда тәуекелге барушылар қай елде жалақы көп төленетініне мән беріп, орташа жалақыны есептейді. Бұл сол елдегі жағдайды толық көрсете алмаса да, әлеуметтік ахуалдан сыр шертетін бірден бір көрсеткіш. Дегенмен, орташа жалақы жайлы әлемдік статистикаларға да толықтай сене беруге болмайды. Себебі, бұл рейтинг жасалар кезде қандай да бір бұрмаланулар болуы мүмкін.


ОРТАША ЖАЛАҚЫ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Қандай да бір елдегі орташа жалақының көрсеткішін аймақтағы тұрғындардың әл-ауқатына қарап есептеу өте қрапайым әдіс және біржақты пікір. Ал, елдегі бір сала мамандарының ең төменгі жалақысын анықтау мүлдем бөлек. Сондықтан, әр түрлі әлеуметтік топтар мен мамандардың орташа жалақысын қосып, содан кейін оларды жалпы адам санына бөлмес бұрын ұзақ дайындық жұмыстары жүргізіледі. Яғни түрлі таптардың байлығының нақты көрінісін көрсететін репрезентативті іріктеме жасалады.


Дегенмен, көп жағдайда нақты сандар мен алынған орташа көрсеткіштер арасындағы алшақтық үлкен болып қала береді. Себебі, бұл көрсеткішті есептер кезінде мемлекеттік салықтар мен әлеуметтік төлемдер төленгенге дейінгі кіріс есепке алынады. Ал, содан кейін адамдардың қолына жалақы 10-40 пайызға аз түседі.


ТҮРЛІ ЕЛДЕРДЕГІ ОРТАША ЖАЛАҚЫ

Халықаралық еңбек ұйымы үнемі елдердегі орташа жалақы мөлшеріне арналған рейтингті жасап, жариялап отырады. Яғни, елдегі бір адамдардың айлығы неғұрлым жоғары болса, рейтингтегі орны да көтеріле береді. Бұл тұрғыда, қазір жағдайы жақсы, табысы мол және тұрақты дамып келе жатқан әлемнің 70-тен астам елі зерттелуде. Түсінуге ыңғайлы болу үшін барлық көрсеткіш американдық доллармен есептеледі.


ОРТАША ЖАЛАҚЫСЫ ЕҢ ЖОҒАРЫ 10 ЕЛ

Ғаламтордағы түрлі дереккөздерде шамалы сәйкессіз болады. Өйткені, рейтинг жасайтын ұйымдар түрлі деректермен жұмыс істейді. Бірақ, жалпы көрініс өзгеріссіз қалады. Атап өтсек, қазір АҚШ, Батыс Еуропа, Оңтүстік Корея және Жапония азаматтары ең жақсы жалақыға ие. 2023 жылғы рейтингтің алғашқы ондығындағы елдердің орташа жалақысы айына 3,5-5 мың АҚШ долларынан жоғары болып отыр.

Атап өтсек, қазір жалақы рейтингін Швейцария (айына 6244, жылына 74928 доллар) бастап тұрса, екінші орынға Дания (айына 6192, жылына 74034 доллар), үшінші орынға Люксембург (айына 5854, жылына 70240 доллар) жайғасқан. Одан кейінгі орындарға Норвегия, Исландия, Германия, Жапония, Бельгия, АҚШ пен Финлядия ие болып, үздік ондыққа кірген.


ЕУРОПАДАҒЫ ОРТАША ЖАЛАҚЫ

Еуропадағы орташа жалақы мөлшері елдерге және олардың экономикасына байланысты. Атап өтсек, Батыс және Солтүстік Еуропа елдерінде жұмысшылар Шығыс Еуропа елдеріне қарағанда әлдеқайда жоғары жалақы алады. Мысалы, Швеция немесе Данияда жұмыс істейтін инженердің жалақысы Польша немесе Словенияда жұмыс істейтін әріптесінен екі есе көп болуы мүмкін.

Жалпы, Скандинавия елдерінің тұрғындары Еуропадағы ең жоғары жалақыға ие. Бірақ, егер сіз осы солтүстік елдердегі өмір сүру құнына мән берсеңіз, жалға берілетін тұрғын үй, азық-түлік және көлік бағасы әлдеқайда қымбат. Яғни, пайыздық мөлшерлеме бойынша орташа жалақысы көп болғанымен, шығын да әжептәуір көп болады.

Еуропалық Одақтың әр елінде адам ала алатын ең төменгі жалақы белгіленеді. Мұндай жалақы қызмет көрсетуші персонал, толық емес жұмыс күніндегі студенттер және зауыттар мен фабрикалардың қызметкерлеріне беріледі.

Ал, Еуропадағы біліктілігі жоғары жұмысшылардың көбірек ақша табуға мүмкіндігі бар:

  • Дәрігерлер – жылына 50 000 еуро;
  • Инженерлер – жылына 40 000 еуро;
  • Менеджерлер – жылына 35000 еуро;
  • Банк қызметкерлері – жылына 30 000 еуро.


Сондай-ақ, Еуропа елдеріндегі табыс салығы да жалақы мөлшеріне байланысты. Адам неғұрлым көп жалақы алса, соғұрлым көп салық төлейді.


АВСТРАЛИЯДАҒЫ ОРТАША ЖАЛАҚЫ

Иммигранттарды қызықтыратын тағы бір ағылшын тілінде сөйлейтін ел – Австралия. Сондай-ақ, бұл елде шетелдік жұмысшыларға арналған түрлі бағдарламалар бар. Ол бағдарламалар виза алу процесін жеңілдетеді. Дегенмен, Австралияда өмір сүру құны жоғары: отбасына пәтер жалдау және бір айға азық-түлік сатып алу үшін кем дегенде 2000 доллар табу керек. Ал, ең төменгі жалақы 3 000–4 000 долларды құрайды. Ең көп жалақыны астаналық Канберра тұрғындары, ал ең азын Тасманиядан келген аралдықтар алады.


ЖАҢА ЗЕЛАНДИЯДАҒЫ ОРТАША ЖАЛАҚЫ

Жаңа Зеландияда адамдар салықпен қоса есептегенде айына 3000 доллар табыс табады. Мамандығы жоқ қызметкерлер сағатына шамамен 8 доллар алады. Дәл осы көрсеткіш елдегі ең төменгі жалақыны анықтау үшін қолданылады.

Орташа алғанда, біліктілігі жоқ қолөнершілер мен қызмет көрсетушілер сағатына 10 доллардан алса, ал жұмыс тәжірибесі бар мамандар сағатына кемінде 18 доллар табады.

Жалпы, Жаңа Зеландияда максималды жалақы туралы түсінік жоқ. Бәрі өте субъективті және ірі корпорацияларға қалдырылады. Ең жоғары айлық заңгерлер мен дәрігерлерге беріледі.



АҚШ ПЕН КАНАДАДАҒЫ ОРТАША ЖАЛАҚЫ

Америка Құрама Штаттары мен Канада жалақы және өмір сүру деңгейі тұрғысынан шамалас. Екі елде де ресми тіл ағылшын тілі. Тиісінше, бұл шетелдіктерге қосымша тілді үйренбестен көшуге және жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді.

Бұл екі ел Еуропа елдерімен салыстырғанда едәуір үлкен болғандықтан, жалақы мен бос жұмыс орындарының қолжетімділігі көбінесе қала мен аймаққа байланысты.

АҚШ-тағы табыс салығы жалақының мөлшеріне байланысты 10-37 пайыз аралығында болады. Ал, Канадада жылына 11000 долларға дейін салық салынбайды екен.

2023 жылы АҚШ пен Канададағы ең жоғары жалақы алатын кәсіп иелері:

  • Дәрігер – жылына 1 195 000 доллар;
  • Фармацевт – жылына 1 127 000 доллар;
  • Сәулетші – жылына 1 115 000 доллар;
  • Бағдарламалық жасақтаманы немесе жабдықты жасаушы – жылына 100 000 доллар;
  • Бағдарламашы – жылына 95000 доллар.



ЛАТЫН АМЕРИКАСЫ ЕЛДЕРІНДЕГІ ОРТАША ЖАЛАҚЫ

Латын Америкасы – Бразилия, Мексика, Куба, Еуропа, Канада және АҚШ-тан мүлдем басқаша. Мұнда жалақы екі, тіпті үш есе аз. Қызмет көрсету саласындағы мамандарға өте аз жалақы төленеді және өмір сүруге жеткілікті ақша табу үшін күніне 10-12 сағат жұмыс істеу керек. Біліктілігі жоғары мамандарға көбірек төленгеннің өзінде басқа елдердегі жалақыға тең келмейді. Дегенмен, Латын Америкасы елдерінде өмір сүру құны өте төмен – үйді жалға алу және азық-түлікке айына шамамен 400-600 доллар жұмсалады.


Жұмысқа орналасудың міндетті шарттарының бірі – испан немесе португал тілдерін жақсы білу және жергілікті диалектіні түсіну. Бразилияда қолданылатын португал тілі шынайы португал тілінен сәл өзгеше.


Еуропа, Канада және АҚШ-тан айырмашылығы – Латын Америкасы елдерінде табыс салығы аз. Мысалы, Бразилияда максималды табыс салығы 27% болса, Мексикада 30%-ды құрайды.



АЗИЯДАҒЫ ОРТАША ЖАЛАҚЫ

Азия елдеріндегі жалақы – айына 120 доллардан (Бангладеш) 3000 долларға дейін (Жапония, Гонконг). Көптеген елдерде төмен жалақы экономиканың төмен деңгейіне байланысты. Сондықтан азиялықтар жұмыс немесе оқу тауып, Еуропаға көшуге тырысады.


Жалақы осындай болғандықтан және жергілікті тілді білмегендіктен, иммигранттар Азия елдерінде өз бизнестерін ашып, өздері үшін жұмыс істегенді жөн көреді. Жалақы төмен болғандықтан шетелдіктерді науқандық жұмыстар да қызықтырмайды. Себебі, Еуропа елдерінде үш ай жұмыс істеп тапқан ақшаны Азияда алты айдан аса уақыттың ішінде табасыз. Бірақ, жергілікті тілді білетін білікті мамандар Қытайда, Жапонияда, Малайзияда және Сингапурда лайықты жұмыс таба алады. Жапониядағы табыс салығы жалақының шамамен 20, Үндістанда 30, ал Қытайда 45 пайызын құрайды.


Енді ең көп жалақы алатындарға тоқталсақ, олар: IT мамандары, дизайнерлер, сәулетшілер, сатушылар, менеджерлер, жарнама берушілер және электрониктер.


ТАБЫС ДЕҢГЕЙІ ӨТЕ ТӨМЕН ЕЛДЕР

Жалпы, әлемдік тәжірибеде ай сайынғы жалақы деңгейінен бөлек, сағаттық жалақы деген ұғым бар. Кейбір елдерде белгілі бір жұмыс орындарында бұл көрсеткіш өте жоғары болуы мүмкін. Алайда, толық жұмыс күні болмағандықтан, орташа айлық жалақы өте төмен болады.


Мәселен, зерттеліп жатқан елдер арасындағы рейтингтің соңында тұрған Қырғызстанда адамдар сағатына шамамен 0,1 доллар табады екен. Сондай-ақ, Өзбекстанда 0,2, Тәжікстанда 0,4, Ауғанстанда 0,6, Қытай мен Ресейде 0,8 доллар жалақы алады. Ал, жалақы ең төмен елдердің қатарында тұрған Қазақстанда адамдар орташа есеппен сағатына 0,5 доллар таба алады.


Бұл елдердегі орташа жалақыны сөз еткенде жалақының айырмашылығына да мәін беріледі. Мәселен, Қытайда орташа жалақыны анықтаған кезде мемлекеттік қызметкерлер мен зауыт жұмысшыларының кірістерін қосуға тура келген. Сәйкесінше, мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы зауыт жұмысшыларының айлығынан 6 есе көп екендігі анықталған. Сондай-ақ, елм бойынша экономиканың түрлі салаларындағы жалақы айырмашылығы 70% деңгейінде болса, Қытайда бұл көрсеткіш 300%-ға жеткен.

РЕСМИ ДЕМАЛЫСЫ ЕҢ ҚЫСҚА ЕЛДЕР

  • Филиппиндіктер жылына 5-ақ күндік демалыс ала алады;
  • Ал, мексикалықтар 6, Сингапур тұрғындары 7 күн демалады;
  • Жапондықтар болса 10 күн;
  • Дания, Мадагаскар және Панама тұрғындары ең ұзақ дегеннің өзінде 30 күн демалысқа ие бола алады.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


ТОЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР ЕРЕКШЕ БАҒАЛАНАТЫН 9 МЕМЛЕКЕТ: "Салмақты" қыздар ғана тұрмысқа шыға алатын елдер бар


АРЫСТАНМЕН АЛЫСҚАН: Африкадағы ЕҢ ТАНЫМАЛ ТАЙПА КҮРКЕДЕ ӨМІР СҮРЕДІ