ТОЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР ЕРЕКШЕ БАҒАЛАНАТЫН 9 МЕМЛЕКЕТ: "Салмақты" қыздар ғана тұрмысқа шыға алатын елдер бар

0
2 259

Ал, сіз арықтау керек деп жүрсіз бе?


ТОЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР ЕРЕКШЕ БАҒАЛАНАТЫН 9 МЕМЛЕКЕТ:

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Қыз-келіншектер қауымын қатты алаңдататын жағдайдың бірі – артық салмақ екені мәлім. Дегенмен, жер бетінде әйелдердің сымдай керілген сымбаты емес, толықтығы ерекше бағаланатын елдер бар екен. Бұл тақырып қызық болса, ақпаратты соңына дейін оқуға кеңес береміз.


Ямайка

Ямайка елінде қыз-келіншектердің толықтығын әлеуметтік әл-ауқатының жақсыл болғаны және жайлы мінездің белгісі деп санайды. Сондықтан бұл елде өмір сүретін әйелдердің көпшілігі салмақ қосуға тырысады. Тіпті, олар семіру үшін әртүрлі жергілікті дәрі-дәрмектерді қолданып, табиғи бейімділіктеріне сәйкес, бөксеге май жинауға ден қояды екен.


Таити

Таити еліне жолы түскен кейбір толық турист қыздар өздеріне көпшіліктің назары түскенін айтқан екен. Расында, таитиде семіздік сұлулықтың символы саналатыны Пол Гогеннің ең танымал картиналарының бірінде көрініс тапқан. Ол бұл аралдағы толық қыздардан шабыт алып қана қоймай, Таити сұлуына үйленген. Мұнда әлі күнге дейін толық денелі қыздар әдемі және басқаларға қарағанда бала көтеруге қабілетті болып саналады.



Бразилия

Бразилиялық сұлулық әрі жергілікті қыз-келіншектер денесінің ең көрнекті бөлігі — бөксенің үлкендігі екенін барлығы дерлік біледі. Тіпті, Рио-де-Жанейродағы карнавал көрермендері немесе Копакабана жағажайына келушілер де бразилиялықтардың осы бір сұлулығы ерекше бағаланатынын атап өтеді. Пікірлерге сүйенсек, бөксесі үлкен, толықтау келетін бразилиялық сұлулар әдетте модельдерден де жоғары бағаланып, жергілікті ер азаматтарды тәнті етеді екен.


Мавритания

Ал, мавританияда қыздарды төрт жастан бастап май, жержаңғақ, бұршақ, майлы сүт сияқты жоғары калориялы тағамдармен тамақтандыру әдетке айналған. Сондықтан мұндағы қыздардың салмағы 12-13 жасқа толған кезде-ақ 80-90 келіні тартып тұрады. Сонымен қатар, бұл елде қыздарды арнайы фермаларда мәжбүрлеп тамақтандыру әдісі іске асырылып, тәбетті ашатын препараттар жиі қолданылады. Өйткені, онда салмағы жеңіл, арық қыздардың тұрмысқа шығуы өте қиын. Тіпті, Мавританияда «әйелдің салмағы қанша болса, күйеуінің жүрегінен сонша орын алады» деген сөз бар.


Оңтүстік Африка

Африканың көптеген елдерінде дөңгелек пішінді, толық әйел денсаулықтың мықтылығын білдіреді. Тіпті, Сахараның оңтүстігінде арықтауды қауіпті ауру – АИТВ-ның таралуымен байланыстырады.


Фиджи

Тынық мұхитының оңтүстігіндегі бұл арал ұзақ уақыт бойы оқшауланған. Сондықтан Фиджиде безгек және сары безгек сияқты тропикалық аурулар жоқ. Бірақ, бүгінде Фиджи мен әлем елдері арасында орын алып жатқан сауда-саттық, сондай-ақ, заманауи стандарттарға сәйкес келмейтін медицина халықтың көпшілігін артық салмақ проблемасына соқтырған. Дегенмен, бұл фактор жергілікті түсінікке сәйкес, ерекше сұлулықты білдіреді. Дәлірек айтсақ, мұнда толықтық әрқашан әйелдің мықты денсаулығы мен байлығының белгісі болып саналады.



Самоа

Батыс тағамдарының халық тұрмысына енуінен зардап шеккен тағы бір шалғай арал – Самоа деп аталады. Арал азаматтары бұрындары дәстүрлі түрде қолданатын теңіз өнімдері мен көкөністерді бірте-бірте жоғары калориялы және пайдасыз тағамдарға алмастырған. Десе де, бұл елдің тұрғындары да толықтықты ерекше бағалайды.


Кувейт

Бейресми мәліметтерге сәйкес, Кувейт еліндегі ересек әйелдердің жартысынан көбі артық салмақтан зардап шегеді. Оның себебі – ұлттық дәстүрлер. Яғни, «әйел неғұрлым үлкен болса, үй соғұрлым бай болады» деген түсінік.


Науру

Ең кішкентай тәуелсіз республика және ең кішкентай арал мемлекет болып саналатын бұл елдегі ересек тұрғындардың барлығы дерлік қант диабетімен ауырады. Мүмкін, бұл көптеген жергілікті тұрғындардың толықтықты сұлулықтың, күш пен құнарлылықтың синонимі деп ойлайтынына байланысты болар. Оның үстіне, бұл елде толық әйелдер ғана емес, семіз еркектер де ерекше бағаланады. Себебі, ерлер үшін жарыстарда салмақ маңызды болып есептеледі.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


Саяхатқа шығатын адамдардың ЕҢ ЖИІ жасайтын 5 ҚАТЕЛІГІ


БҰҒЫҒА ТИІСКЕН АДАМ ӨЛІМ ЖАЗАСЫНА КЕСІЛЕДІ: ЖАНУАРЛАР ӨМІР СҮРЕТІН қалаларды білесіз бе?