КЕЗ КЕЛГЕН ЖАҒДАЙД КӨМЕКТЕСЕДІ: Саяхатшылар үшін ӨТЕ ПАЙДАЛЫ бағдарламалар

0
2 455

Сіз бұл қосымшалар жайлы білгенде, сөзсіз тәнті болсыз!


КЕЗ КЕЛГЕН ЖАҒДАЙД КӨМЕКТЕСЕДІ: Саяхатшылар үшін ӨТЕ ПАЙДАЛЫ бағдарламалар

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Әрбір тәжірибелі саяхатшы «кезекті сапарға жиналмас бұрын, маршрутты дұрыс жасау керек» деп айтады. Кейде бұған туроператорлар көмектессе, кейде өзіңіз бас қатыруға тура келеді. Бірақ, бұл қиындықтар басқаларына қарағанда әлдеқайда жағымды болады.


Бірақ, кейбір смартфон қосымшалары саяхатты жоспарлау барысында маңызды рөл атқаратынын көп адам біле бермейді. Мәселен, олардың ең қарапайым түрлері билеттерді брондау, арзан баспана табу секілді жұмыстарды жеңлдетіп, кеңес береді. Тіпті саяхаттап барған жерден сіздің қалауыңызға сәйкес келетін асханаларды да анықтап бере алады.


БҰЛ ТАҚЫРЫП СІЗДІ ҚЫЗЫҚТЫРСА, БАҒДАРЛАМАЛАРМЕН ТАНЫС БОЛЫҢЫЗ:


Жолдорбаңызды тез жинаңыз – PackPoint

Жолдорбаны жинау – сапарға шыққандардың бәріне ұнайтын жұмыстардың бірі. Алайда, кейде демалыс алдындағы күндерде бұл істі атқаруға уақыт немесе күш жетіспей жатады. Сөйтіп жүргенде саяхатта қажетті заттарды ұмытып кетуіңіз де мүмкін. Мұндай жағдайда packpoint қосымшасы көмекке келіп, сіздің жеке заттарыңыздың тізімін жасақтап береді.

Ол үшін сіз бағдарламаға баратын жеріңізді, қанша күн болатыныңызды және қатысуыңыз мүмкін іс-шараларды енгізесіз. Қосымшаның өзі қажетті заттар мен жеке керек-жарақтардың тізімін дайындайды.


Арзан халықаралық қоңыраулар – Rebtel

Rebtel – қандай да бір себептермен саяхаттап барған жерде жұмыс істейтін SIM карталарды сатып алмайтындар үшін таптырмас бағдарлама. Қосымша телефон желілеріне қосылып, арзан халықаралық қоңыраулар тарифін ұсынады. Тіпті оны пайдалану үшін Wi-Fi желісіне қосылудың да қажеті жоқ.


Рейсті ыңғайлы күту – Dayuse

Егер сіз қандай да бір жерде жүріп рейсті ұзақ күтетін болсаңыз, Dayuse қызметін пайдаланыңыз. Қолданба қонақүй нөмірлерін әдеттегі бағадан 75 пайызға дейін арзан табуға көмектеседі. Бөлмені бірнеше сағатқа жалдауға да болады. Қонақүйлердің таңдауы – премиумнан кәдімгі жатақханаларға дейін.


Жергілікті тұрғындармен кешкі ас – Eatwith

Егер сіз жаңа елмен танысу оның асханасынан басталады деп ойласаңыз – бұл қосымша сізге арналған. Себебі Eatwith қосымшасынан сіз ұлттық тағамдардың барлық дәмін сезіну үшін қай жерден тамақтану керектігін біліп қана қоймай, жергілікті тұрғындармен бірге олардың үйінде кешкі ас іше аласыз.

Көбіне үй иелері сізден тамақ үшін ақша жіберуді немесе кешкі асқа ішімдік әкелуді сұрайды.


Ешқандай джетлаг жоқ – Timeshifter

Кейбір саяхатшылар ауа райының, климаттың немесе қоршаған ортаның өзгеруіне байланысты ұйқысын бұзып алады. Егер сіз де осындай жағдайға тап болсаңыз, timeshifter қосымшасын қолданып көріңіз.

Ол ұйқыны зерттейді және сапардың ерекшелігі мен ұзақтығын ескере отырып, жеке нұсқаулар береді. Қолданба күндізгі жарықтан қашан аулақ болу немесе іздеу керектігін және қашан ұйықтау немесе ояу болу керектігін айтады.


Тегін төсек – Couchsurfing

Couchsurfing – тәжірибелі саяхатшылар арасындағы ең танымал қолданбалардың бірі. Қосымша әр туристке тегін ұйықтауға көмектеседі. Қауіпсіздік туралы алаңдамаңыз. Қолдау қызметі әрбір тіркелген пәтер иесін тексереді.


Meetup

Егер сіз өзіңізді әлемге ортақ адам деп санасаңыз және барлық жаңа нәрселерге, соның ішінде шетелдіктермен танысуға ашық болсаңыз, Meetup қосымшасын жүктеп алыңыз. Онда сіз басқа адамдармен танысып, мейрамханадан тауға дейінгі кез-келген жерге бірге бара аласыз.

Ондағы ең ыңғайлы нәрсе – сіз жақын маңда жүрген адамдарды таба аласыз.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


Қараша айында ҚАЙДА САЯХАТТАҒАН дұрыс?


Ұшақта құлағыңыз ауырса, НЕ ІСТЕЙСІЗ?