Қараша айында ҚАЙДА САЯХАТТАҒАН дұрыс?

0
6 163

Демалатын жерді алдын ала зерттеп алғаныңыз жөн.


Қараша айында ҚАЙДА САЯХАТТАҒАН дұрыс?

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Дәл қазір «қараша айында қайда барып демалған дұрыс?» деген сұрақ көпшілікті мазалап жүр деп ойлаймыз. Себебі, бүгінгі адамдар саяхатқа шығардан бұрын бір немесе бірнеше ай бұрын таңдау жасап қояды.

Осы ретте, біз әлем елдері арасынан қараша айында демалуға ең қолайлыларын таңдап, назарларыңызға ұсынып отырмыз.


Таиланд

Қараша айында Таиландта демалыс маусымы қыза түседі. Себебі, дәл осы кезеңде жауын-шашын азайып, ауа температурасы +32 градустан жоғары көтерілмейді. Яғни, тәжірибелі туристер қараша Таиландта демалу үшін ең қолайлы ай екенін біледі. Бірақ, мұндағы қонақүйлер бірнеше күн бұрын брондалатынын ескеріңіз.


БАӘ

Егер сіздің өміріңізде қараша айы ауыр өтетін болса, міндетті түрде БАӘ-ге саяхаттауды жоспарлаңыз. Себебі, қараша айында теңізде демалу – ең жақсы терпаия. Бұл уақытта БАӘ-де ыстық бәсеңдеп, күн райы серуендеуге де қолайлы болады. Ең бастысы – Әмірлікті дұрыс таңдау. Егер сіз сәнді жағажай клубтарында немесе белсенді демалыс орындарында болғыңыз келсе, Дубайға барасыз. Ал, егер экскурсиялық бағдарламалар керек болса, Абу-Дабиден жақсы нұсқа жоқ.


Египет

Егер сіз Африка құрлығының қай жеріне саяхаттауды білмей, бас қатырып жүрсеңіз, ойланбастан Мысырға барыңыз. Қараша айында мұндағы жағажайлардан артық жемалыс орны болмайды. Сонымен қатар, осы уақытта Африканың солтүстік-шығысындағы ауа мен судың температурасы өте қолайлы болады. Сондықтан Мысырдың аптап ыстығына шыдай алмаймын деп ойламаңыз.


Занзибар

Танзаниядағы Занзибар аралы жабайы табиғатты сүйетіндерге ғана емес, мұхитты жақсы көретіндерге де ұнайтыны сөзсіз. Елестетіп көріңізші – ақ құм, көгілдір мұхит және күн сәулесі. Тіпті, мұндай жерде ешбір «фильтрсіз» де керемет суретке түсуге болады.


Сербия

Сербия – туристер үшін әрдайым жақсы нұсқа болып есептеледі. Сондықтан қараша айында Еуропаның осы еліне де бас ауыртпастан саяхаттауға болады. Шынын айту керек, бұл айда мұндағы ауа температурасы аса бір жылы болмайды. Бірақ, ел астанасы – Белградта ұзақ серуендеп, барлық көрікті жерлерді тамашалауға болады. Сондай-ақ, туристердің кей пікірлеріне сүйенсек, мұнда ең жомарт адамдар және ең сымбатты ерлер тұратын көрінеді.


Италия

Италия еуропалық туризмнің танымал бағыты болып саналады және бұл елге арналған турлар жылдың кез келген уақытында сұранысқа ие. Қараша айында Италияда демалу – экскурсия, сауда, сауықтыру туризмін ұнататындар мен балаларды мектеп демалысына шығарғысы келетін отбасылар үшін өте қызықты. Қараша айында Италияға арналған турлар жазбен салыстырғанда әдетте 30-50 пайыз арзан болады. Дегенмен, Италия Түркия емес. Сондықтан қазақстандықтар үшін барлығын қамтитын демалыс ұсыныстары аз болады.


Испания

Қараша айындағы Испанияға арналған турлар негізінен экскурсиялық болып саналады. Бұл уақытта Тенерифедегі жағажайлар ашық болады, бірақ негізгі жағалаулары біртіндеп босайды. Канар аралдары, Санта-Круз және Ла-Лагуна қалалары туристерді жайлы көшелер мен алаңдарға шақырады.

Қараша айында Испаниядағы демалыс бағасы төмендейді. Сәйкесінше, сіз Сьерра-Невада тау бөктеріндегі Гранадаға бара аласыз, Коста-Брава курорттарына табан тіреп, жағажайлар мен күн ванналарында демалуға мүмкіндік аласыз.


Түркия

Қараша айында Түркияда демалу да өте жақсы нұсқа. Бірақ, бұл кезде Түркияда экскурсияларға немесе ел бойынша тәуелсіз саяхаттарға басымдық беріледі. Ал, шомыла алмау мен күннің қысқаруы аз-маз қолайсыздық тудырады. Сондықтан, дәл осы кезеңде аталған елге саяхаттаудың бағасы да төмендейді.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Ұшақтағы орынды ҚАЛАЙ және ҚАЙ ЖЕРДЕН таңдаған дұрыс?


Ең жылы жерлердегі ЕҢ ЖАҚСЫ ҚОНАҚҮЙЛЕРДІ біле жүріңіз