1 млрд теңге: ​Шымкентте лауазымды тұлғалар қаржы ұрлады деген күдікке ілінді

0
399

Күдіктілер соттың санкциясымен қамауға алынды.


1 млрд теңге: ​Шымкентте лауазымды тұлғалар қаржы ұрлады деген күдікке ілінді

илююстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкентте коммуналдық кәсіпорын басшылығы 1 млрд теңгеден астам соманы ұрлады деген күдікке ілінді, дер хабарлайды ERNUR.KZ ҚР ҚМА Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аса ірі көлемде бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша Шымкент қаласы әкімдігі мен мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының лауазымды тұлғаларына қатысты істі ҚМА Шымкент қаласы бойынша Департаменті тергеп жатыр.

Қала әкімдігінің бақылауындағы қосалқы мердігерлермен және лауазымды тұлғалармен, бір топ адамдармен бірлесе отырып, жұмыс пен тауарлардың құнын жоғарылатып, жылу желілері мен электр желілерін ағымдағы жөндеуге бөлінген 1,1 млрд. теңге сомада бюджет қаражатын ұрлау жолымен қалалық коммуналдық кәсіпорнының басшылығы қылмыс жасады деп күдікке ілінген.

Күдіктілер соттың санкциясымен қамауға алынды.

Шенеуніктер заңсыз жолмен тапқан ақшаны пайдаланып, Астанадағы элиталық тұрғын үй кешендерінен құны 150 млн теңгеден асатын жылжымайтын мүлік сатып алған.

Тергеу сотының санкциясымен барлық мүлікке тыйым салынды.

Қазір сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат таратуға жатпайды, делінген ҚР ҚМА Баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.